Жаңалықтар

Өзбекстанда танымал блогер көз жұмды

Өзбекстанда танымал блогер көз жұмды
Фото: instagram.com/asad__algo 21.07.2023 09:44 1408

Өзбекстанда Asad Algo лақап атымен танымал 20 жастағы блогер Асадбек Арзикулов көз жұмды. Бұл туралы Газета.uz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

19 шілдеде блогер миына операция жасалған соң қайтыс болған. Жас жігіт «Жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, субдуральды бас гематомасы, мойын гематомасы, екі тізе және екі шынтақ көгеруі» диагнозымен Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығына жеткізілген.  

Оқи отырыңыз:

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хает Шамсутдинов блогердің өліміне қатысты тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ташкент полициясы Асадбек Арзикуловтің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу барысында 16 шілдеде Мирзо-Улугбек ауданындағы саябақтардың бірінде Асадбек Арзикулов пен оның танысы Абдулазиз И. (1997) арасында жанжал болып, Арзикулов жарақат алғаны белгілі болды. Осыдан кейін олар татуласып, екеуі екі жаққа кеткен. Болған оқиға туралы жәбірленуші ІІО-ға хабарламаған және медициналық мекемеден көмек сұраған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға