Өзбекстанда 9 шілдеде кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық сайлау комиссиясы 4 кандидаттың ресми тіркелгенін мәлімдеді.
ОСК-ның сарапшы топтары партиялардың 31 мамырдан 2 маусымға дейін кандидаттарды қолдау үшін дауыс жинаған парақтарын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған құжатта қол жинау парақтары заңнамаға сәйкес және жеткілікті мөлшерде екені айтылған.
ОСК-ға кандидаттарды тіркеу туралы түскен өтініштер негізінде президенттікке мынандай үміткерлер тіркелген:
Халықтық-демократиялық партиядан – Ұлықбек Ілиясович Оноятов;
Либерал-демократиялық партиядан (ӨзЛиДеП) – Шавкат Миромонович Мирзиёев;
«Адолат» әлеуметтік-демократиялық партиясынан – Робахон Ануаровна Махмудова;
Экологиялық партиядан – Абдушүкір Худойкулович Хамзаев.
«Миллий тикланиш» партиясы өз кандидатурасын ұсынудың орнына Шавкат Мирзиёевтің кандидатурасын қолдайтынын мәлім етіп отыр.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 7 маусымда басталады.
