Жаңалықтар

Өзбекстанда мешітте жарылыс болды

Өзбекстанда мешітте жарылыс болды
Фото: oxu.az 31.03.2025 16:40 8402

Өзбекстанның Әндіжан облысы, Избаскан ауданындағы мешіттердің бірінде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мәлімдеуінше, оқиға 31 наурыз күні, жергілікті уақытпен сағат 12:19-да Мирзо Ұлықбек махалласындағы Ахмадали Қожа мешітінде болған.

Оқиға орнына облыстық ТЖ басқармасының басшылығы мен жауапты қызметкерлері дереу жетті, – делінген министрлік таратқан ресми ақпаратта.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан дәретханаға арналған ғимарат опырылып түскен. Жарақат алған алты адам медициналық көмекке жүгінген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға