Жаңалықтар

Өзбекстанда іздеуде жүрген Түркия азаматтары Қазақстанда ұсталды

Өзбекстанда іздеуде жүрген Түркия азаматтары Қазақстанда ұсталды
Фото: Polisia.kz 20.02.2025 09:04 385

Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан.

Қарақшылық жасалғаннан кейін, іздеуге жарияланбастан бұрын қаскөйлердің екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға