Өзбекстанда іздеуде жүрген адам Алматыда ұсталды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
30.12.2024 22:18
515
Көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген ер адам Алматыда ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Алматы қаласының халықаралық әуежайында ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ақшаны иемдену және жалған құжаттар дайындау жолымен жымқырғаны үшін Өзбекстанның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады.
Ер адам 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін құжаттарды қолдан жасау арқылы 162 миллион сум ұрлап кеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мобильді аударымдарға шектеу енгізіледі