Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желіде белсенді болуға тыйым салынды

27 мамырда Өзбекстан мешіттеріндегі имамдар әлеуметтік желілерге кірмеу және ондағы жазбаларға «лайк» баспау туралы ескерту алғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ташкент қаласы бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтың Telegram-да аудандардың бас имамдарына жіберген аудиосында имамдардың желідегі сөздері қатаң бақылауға алынғанын айтқаны тараған.
Саламатсыздар ма, құрметті аудан бас имамдары! Біздің келесі тапсырмамыз – әлеуметтік желілерге кірмеу. Мұны қатаң түрде бақылаймыз. Қажыға баратындарға да мұның қатысы бар… Әлеуметтік желіде кез келген тақырыпқа «лайк» қоюға болмайды, - делінген Эргаш Рустамовтың аудиохабарламасында.
Ал өзбекстандық имамдар бұл шешіммен келіспейтінін айтып, наразылықтарын білдіріп жатыр.
