Жаңалықтар

Өзбекстанда ер адам түсінде опасыздық жасаған әйелін пышақтап тастады

Өзбекстанда ер адам түсінде опасыздық жасаған әйелін пышақтап тастады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 22.04.2025 17:38 385

Өзбекстанның Ферғана облысында әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот отырысы аяқталды. Бұл туралы Upl.uz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға Маргилан қаласында болған. Аса ауыр қылмысқа ер адамның көрген қорқынышты түсі себеп болған. Ол түсінде әйелінің көзіне шөп салғанын көрген. Ашуланып оянған ер адам жастықтың астында жатқан пышақты алып, ұйықтап жатқан әйеліне 13 рет сұққан.

Кейіннен түсінде көргені шындық еместігін түсінген күйеуі шошып, жедел жәрдем шақырған. Алайда әйелдің алған жарақаттары ауыр болып, ол қайтыс болған.

Тергеу барысында айыпталушының бұған дейін де әйелі туралы негізсіз күдіктерге бой алдырғаны, бұл отбасылық жанжалдарға жиі себеп болғаны анықталды. Марқұм мен сотталған азаматтың артында үш кәмелетке толмаған баласы қалған.

Маргилан қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот ер адамды Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97-бабы (Қасақана кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға