Жаңалықтар

Өзбекстанда 8-сынып оқушылары бір ұл үшін төбелесіп қалды

Өзбекстанда 8-сынып оқушылары бір ұл үшін төбелесіп қалды
Фото: Видеодан кадр 07.11.2024 17:04 1058

Өзбекстанда 8-сынып оқушылары бір ұлға таласып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

UzNews.uz мәліметінше, оқиға Әндіжан облысының Ходжаабад ауданында болған.

М.М. есімді жасөспірім Р.И. есімді құрбысымен телефон арқылы ұрысып қалған, себебі М.М. танысының әлеуметтік желі арқылы Р.И.-мен сөйлесіп жүргенін біліп қалған. Екеуі мәселені кездесіп шешкпек болған. Алайда өздерімен бірге сыныптастарын ертіп келіп, бұл кездесудің соңы төбелеске ұласқан.

Төбелесті жасөспірімдердің бірінің 16 жасар әпкесі видеоға түсіріп, өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Ролик әлеуметтік желіде тез тарап кетті.

Ходжаабад ауданының полициясы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қатысушылардың барлығының жеке басы анықталғанын, қазіргі уақытта ішкі істер органдары тексеру жүргізіп жатқанын алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға