Жаңалықтар

Өзбекстан жасөспірімдері әлем чемпионатына қатысады

Өзбекстан жасөспірімдері әлем чемпионатына қатысады
Фото: Өзбекстанның футбол қауымдастығы 09.04.2025 06:18 613

Сауд Арабиясында өтіп жатқан U-17 жастағы ойыншылар арасындағы 2025 жылғы Азия Кубогының топтық кезеңінің екінші турында Өзбекстан құрамасы Қытай жасөспірімдерінен 2:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан құрамасының сапында Садриддин Хасанов (45+1 мин) пен Асилбек Алиев (86-мин) мергендік танытса, Қытай құрамасынан Чжан Чэнжуй (33-мин) көзге түсті.

Осы жеңісінің арқасында Өзбекстан Азия Кубогының ширек финалына мерзімінен бұрын жолдама алып, сонымен қатар 2025 жылы Катарда өтетін U-17 әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болды.

Қазіргі таңда екі турдан кейін Өзбекстан құрамасы 6 ұпаймен А тобын бастап тұр. Бұл топта Өзбекстанмен бірге Сауд Арабиясы, Таиланд және Қытай құрамалары өнер көрсетуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға