Жаңалықтар

Өзбекстан және Түркіменстанмен шекарада электронды кезек енгізілмек

Өзбекстан және Түркіменстанмен шекарада электронды кезек енгізілмек
Фото: kgd.gov.kz 16.02.2023 12:15 1765

Ақпан айының соңына дейін Қазақстан бойынша тағы төрт өткізу бекетіне электронды кезек енгізілмек, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. Электронды кезек жүйесін «CarGoRuqsat» онлайн броньдау сервисін ҚР ҚМ «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мамандары жасап шығарған және қызмет көрсетеді.

Төрт өткізу бекетінің екеуі Қытай шекарасындағы «Бақты» (Абай облысы) және «Майқапшағай» (ШҚО) бекеттері. «Бақты» бекетіндегі «CarGoRuqsat» сервисі 15 ақпаннан бастап, ал «Майқапшағай» бекетінде 20 ақпаннан бастап іске қосылмақ. Бұған дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Достық», «Нұр-Жолы» өткізу бекеттерінде электронды бекет енгізілген. Ал қалған екі бекет еліміздің оңтүстік-батысында орналасқан. «Темір-Баба» бекетінде кезек 22 ақпанда, ал «Тәжен» бекетінде 27 ақпанда енгізілмек. Екі өткізу бекеті де Маңғыстауда орналасқан. Біріншісі Түркіменстанмен, ал екіншісі Өзбекстанмен шекарада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға