Жаңалықтар

Өзбекстан президенті қазақстандықтарға көңіл айтты

Өзбекстан президенті қазақстандықтарға көңіл айтты
28.10.2023 23:07 846

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Қарағанды облысында орналасқан Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президентімен хабарласқан Шавкат Мирзиеев осы оқиғаның салдарын жою үшін қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Өзбекстан президенті шахтада қалған кеншілерді тезірек құтқаруға үміттенетінін және осы оқиғаның салдарын жоюға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты, - делінген аталған ел басшысының ресми сайтында.

Сондай-ақ телефон арқылы екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы апаттан 33 кеншінің денесі табылды. Қалған 13 адам әлі іздестіріліп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға