Жаңалықтар

Өзбекстан Олимпиада чемпиондарына қандай сыйлықтар берді

Өзбекстан Олимпиада чемпиондарына қандай сыйлықтар берді
Фото: instagram.com/boxinguzbekistan_official 13.08.2024 11:05 10188

Бокстан Өзбекстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарында бес алтын медаль жеңіп алды. Чемпиондарды елінде де лайықты сыйлықтар күтіп тұрды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшыларды марапаттау рәсімі Ташкентте өтті. Барлық жүлдегерге ақшалай сыйақы табысталды, одан бөлек пәтер мен көлік кілттері берілді.

Алтын алған спортшыларға:

200 мың доллар.

Tahoe көлігі.

Екі қабатты коттедж.

Күміс жүлдегерлерге:

100 мың доллар.

BYD Song Plus EV Champion көлігі.

Пәтер.

Қола жүлдегерлерге:

50 мың доллар .

BYD Song Plus DM-i Champion көлігі.

Пәтер.

Айта кетейік, Өзбекстан посткеңестік елдер арасында медаль саны бойынша үздік шықты – сегіз алтын, екі күміс және үш қола медаль. Осының арқасында олар жалпы есепте 13-орынға табан тіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға