Өзбекстан атынан өнер көрсететін қазақ боксшы Олимпиадада алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Фото: Өзбекстан бокс федерациясы
Фото: Өзбекстан бокс федерациясы
29.07.2024 16:31
6694
Бокстан Өзбекстан құрамасының мүшесі, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Париждегі Олимпиада ойындарында алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1/8 финалда 63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем және Азия чемпионы Абдуллаев шаршы алаңда мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен сенімді түрде жеңіске жетті – 5:0. Осылайша, ширек финалға шықты.
Айта кетейік, 63,5 келіде Қазақстан намысын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қорғайды. Ол да бүгін кешке 1/8 финалдық кездесуін өткізеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жетісу полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарды
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы