Жаңалықтар

"Өзбек ғалымдары қазақ дейді, қазақтар өзбек дейді". Тарихшы Әбілқайыр хан туралы тың дерек айтты

"Өзбек ғалымдары қазақ дейді, қазақтар өзбек дейді". Тарихшы Әбілқайыр хан туралы тың дерек айтты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 08.01.2024 13:55 21282

Өзбек ғалымдары атышулы Әбілқайыр хан қазақ екенін айтады, ал қазақ тарихы оны "көшпелі өзбек ханы" ретінде оқытып келді. Мемлекет тарихы институтының директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған Әбілқайыр ханның кім екенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Елордада Жошы ұлысының 800 жылдығына орай "Қазақ хандығы тарихындағы Шибандар (Шейбандар, Шайбақтар) Әулеті (Ібір-сібір, Дешті-қыпшақ, Мәуереннахр аймақтарында)" халықаралық зерттеу тобының ұжымдық монографиясының  салтанатты тұсаукесері өтті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған кітапты шығармас бұрын архивтермен көп жұмыс істегенін және орыс, татар, өзбек, тәжік және мемлекет институтының бірнеше ғалымы атсалысқанын айтты. Сонымен қатар, парсы және араб тілдерін жетік меңгерген ғалымдармен жұмыс істеген. 

Жошы ұлысының өмірі қызық. "Сибан" (Шибан) Жошының кіші ұлы болған. Сол заманда Жошының балалары ерегесіп, олар бірнеше ұлысқа тарап кетті. Жошының ұрпақтары Қазан хандығы, Сібір хандығы және Қазақ хандығы секілді ұлыстардың негізін қалады. Ең қызығы, ескі концепция бойынша (көшпелі өзбектер ханы - еск.) Әбілқайыр хан қазаққа жау ретінде жазылған. Шын мәнінде, тұлғаны зерттеген кезде оның ешқандай жау еместігіне көзіміз жетеді. Оның туған жері - Атырау, хан болып тұрған жері - Сібір аймағы. Қазақтың солтүстік аймағының біраз бөлігі Сібір хандығына кірген. Оның үстіне қазақтың орта және кіші жүздің бірнеше тайпасы сол хандықтың құрамында болған. Әбілқайырдың Жәнібекпен, Кереймен кикілжіңі 1400 жылдары Сығанақ аумағына келгенде басталды. Жалпы Әбілқайыр ханның туған жері де, жерленген жері де Қазақстан. Ескі советтік түсінік бойынша оны өзбек деп атайтынбыз. Ал ең қызығы, өзбек ғалымдары оны қазақ дейді. Оны Дешті-қыпшақтан шыққан деп есептейді, - деді Бүркітбай Аяған.

Тарихшының сөзінше, өзбек ғалымдары Әмір Темір әулетіне көңіл бөледі, олар тіпті "Шибан" ұрпақтарын қарақшы қылып көрсеткен. Сол себепті "Шибан" тарихы - қазақ тарихы үшін ажырамас мұра.

"Өзбек ғалымдары қазақ дейді, қазақтар өзбек дейді". Тарихшы Әбілқайыр хан туралы тың дерек айтты

"Өзбек ғалымдары қазақ дейді, қазақтар өзбек дейді". Тарихшы Әбілқайыр хан туралы тың дерек айтты

Тарихшы Әбілқайыр ханның тікелей Қазақ хандығын құруға қатысы барын айтты.

Өзбек тарихшылары Шибандарды мойындағысы келмейді. Олар көбіне Әмір-Темірдің тарихын айтамыз дейді. Мен өзбек ғалымдарына "өзбек этнонимін алып барған Шибандар еді ғой" деп талай айттым. Ол кезде өзбек ұлт емес еді. Жалпы, қазақ пен өзбек сөзінің этимологиясы бір, екеуі де еркін көшпенді деген мағынаны білдіреді, - деді ол.

"Өзбек ғалымдары қазақ дейді, қазақтар өзбек дейді". Тарихшы Әбілқайыр хан туралы тың дерек айтты

Айта кетейік, "Қазақ хандығы тарихындағы Шибандар Әулеті" еңбегі Бүркітбай Аяғанның ғылыми жетекшілігімен шықты.

Қаңтардың 3 күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында биыл Жошы ұлысының 800 жылдығын тойлаймыз деп атап өтті. Жалпы, тарихымызда күңгірт кездер көп, соның бірі Жошының кіші ұлы Шибанның(Сибан) кездері.... Оның туған жері Атырау, хан болып көтерілген жері Тобыл. 1440 жылдары Сығанақ бойына көшіп келеді. Сол кезеңде Шибанның ұрпақтары мен Ұрыс ханның балаларының (Керей мен Жәнібек) арасында күрес басталады. Шибан мен Ұрыс ханның балалары ағайын, тіпті шешелері жағынан бір-біріне бөле болып келеді. Ақша үшін емес, жер үшін емес, нағыз саяси күрес болады. Кейін Әбіқайыр хан мен Керей мен Жәнібектің арасында кикілжің басталады, - деді Аяған.

"Өзбек ғалымдары қазақ дейді, қазақтар өзбек дейді". Тарихшы Әбілқайыр хан туралы тың дерек айтты

Бүркітбай Аяған Әбілқайырдың туған жері қазіргі Атырау, хан болып көтерілген жері Тобыл, ал қоныс тепкен жері Сығанақ екенін айтты. Тек Әбілқайырдың балаларын кезінде көшпелі өзбектер деп атап кеткен, олар - Мұхаммед пен Махмұд. Екеуі Самарқандқа кетеді де, Шибан әулетінінен өзбек мемлекетін құра бастайды. Ал Сыр бойында қалған Ұрыс ханнның балалары Қазақ хандығының негізін қалағанын атап өтті. 

"Өзбек ғалымдары қазақ дейді, қазақтар өзбек дейді". Тарихшы Әбілқайыр хан туралы тың дерек айтты

"Өзбек ғалымдары қазақ дейді, қазақтар өзбек дейді". Тарихшы Әбілқайыр хан туралы тың дерек айтты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға