Жаңалықтар

«Өз ақшаңа жаса». Депутат ракпен ауыратын азаматтың жан айқайын жеткізді

«Өз ақшаңа жаса». Депутат ракпен ауыратын азаматтың жан айқайын жеткізді
Фото: ©iStock 10.06.2024 13:12 737

Мәжіліс депутаты Таңсауле Серіков денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевке қатерлі ісікке шалдыққан науқастың басындағы мәселесін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселені былтыр да көтерген едім. Ана мен бала орталығында 150 бала жататын жерде 350 бала жатыр. Олар бір айлап, екі айлап жатпайды. Науқастар жылдап жатады ғой. Онда сыпырғыш қоятын жерінде 4 мультиварка тұр. Өздері барып тамақ істейтін көрінеді. Балалар емделіп шықтым дегені жақсы ғой әрине. Дегенмен балаларды «емделмейді» деп те шығарады. Балаларға «обезболивающие» бермейді екен, оның орнына «ибупрофен» береді. Ол әсер етпейді. Сонда балалардың ауырсынғанынан сүйектері сынады екен. Сондықтан мамандар «политивті көмектер» үшін тарифтерді көтеру керек деп жатыр. Былай қарап тұрғанда, ол – о дүниеге кететін адамдарға қызмет ететін ұйым, - деді Серіков «Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбындағы отырыста.

Сонымен қатар депутат онкология қызметі бойынша ғылыми жұмыстарды кеңінен ұйымдастыруды ұсынды.

Осы тұрғыда айта кететін мәселе, мамандар «капрелса» деген дәріні бүйрек рагына жазады екен. Ал енді «щитовидкаға» жаз десе, «сен өз қаражатына экспертиза жаса, егер ол рас болса, біз саған береміз» деп айтады екен. Ал ол науқастың ауруы рактың төртінші стадиясы. Науқас 9,5 жыл осы диагнозбен келеді. Сонда әр ракка шалдыққан адам зерттеуді өзі жасауы керек деген сөз бе?! Біз ғылымды дамытамыз деп айтып жатқанымыз қайда қалды?, - деді мәжілісмен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға