Жаңалықтар

Ойын бизнесін ұйымдастырғандар жазаланды

Қызылорда облысында ойын кеңселерінің заңсыз қызметі анықталды
Ойын бизнесін ұйымдастырғандар жазаланды
Фото: Gov.kz 27.07.2022 14:43 2171

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаларға қатысты үкім шығарылып, біреуіне 200 АЕК (636 000 теңге), екіншісіне - 1000 АЕК (3 180 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz

Ойын кеңселерінің заңсыз қызметі туралы іс Қызылорда облысы бойынша ҚМА департаментінде тергелді.

О.Н.Цой есімді азамат ойын мекемесінің қызметін ұйымдастырған. Ол Заңмен белгіленген орындардан тыс жерде құмар ойындар өткізіп, пайдаға кенеліп отырған. Цой букмекерлік кеңсенің атынан үй-жайды жалға алып, ішіне 9 компьютер орнатқан.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, орнатылған бағдарламалар арқылы онлайн ойын сайттарын іске қосуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, ол үш адамды қызмет көрсететін персонал ретінде жалдағаны анықталды», делінген агенттік хабарламасында.

Екінші сотталушы Қ.Наурызбаев пәтерді жалға алып, «электрондық рулетка» арнайы ойын жабдықтарын қойған.

Сотталушылардың екеуіне де айыппұл төлеу үшін бір ай мерзім белгіленген. Айыппұлдан жалтару жағдайында өтем мәжбүрлеу тәртібімен жүргізіледі.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға