Жаңалықтар

Ой түйін

Табыл Құлыяс
11.08.2016 09:50 7042

Түрлі, түсті сақал бар                    

Қуғын,сүргіннің қара дауылы үріп тұрғанда, адамның қанын суша шашып ажал бүріп тұрғанда, сұм-сұрқия шала байып жорта күліп тұрғанда, ауылға салықшы келіп, екі жеңін түріп, қағаз қаламын баптап алды да:

-Жолдас Марған үкіметке салық төлеуден жалтарыпсың,былайша түтін салығы, аяғыңмен басып тұрған жер салығы,қол салығы,бас,көз, мұрын салығы, күн салығы, жүн, сүйек, тері салығын өтемегенсің,-деп кетік тісінен тілін жылтың еткізіп өзінше заңға бейімдеп борышты үйіп, төге бастады.

-Шырағым тым қуырып кеттің, үкімет тірі жүргеніме ақша бермей ме? Мына жалғыз ешкі асырап отыр, одан басқа ештеңем жоқ,-деп салықшының бет әлпетінен есіп тұрған үрейге беріктік таныта алмайтынын байқатып сақалын сипады.

-Жүн жоқ дейсің, қара ормандай сақалың жүн емес пе? Көсемдерімізде сақал жоқ, үкіметке тапсырып жіберген.Қиқаңдамай, түрмеге кетпей тұрғанда бұлтақты қойып салықты төле?! Не басыңды ауыртайын бытық бет салықшы Марғанның жалғыз ешкісін де тартып әкетті.Содан ел аузында ең ауыр салық сақал салығы деп ерлер сақал мұрт қоюдан бір жола безіп шығып еді.Діңкіл түрі,қиқу қасіретінен құтылып, сақал жоқ, мұрт жоқ, үкіметтен үміт көп деп мақалдайтын-ды.Одан жаман болған жоқ, аш, жалаңаш жүрседе кісілік келбетін сақтап, түрлі ауру,сырқаудан есен аман жүрді.Әйелдер қайрақтай әп-әдемі ұл, қыздарды өмірге әкелді.

-Е, даңғара кезең бір басқа, өтті,кетті,бүгінгі далбаң қағып жүргендердің кейбірінің өртке күйген ағаштай жүн бетіне қарауға жүрегің дауаламайды, жылтыраған көзінен бір зұлымдықты көргендей қорқасың.И-и, әйелдері ләззат алуға еріндерін таба алмай, найзадай қадалатын жүннен шошып бала тастап жүрген жоқ па?-деп Тымыр өздерінше дандайсыған барықсыздарға ызаланғандай болып еді.

  -Бес жүз мыңдай түсік тастатқан әйелдер сақалдан шошыды деуің қисынға келмес,дегенмен,ерлі,зайыпты төсекте ерекше ынтазарлықпен табысқанда жақсы ұрпақ дүниеге келеді деседі.Нәзік сезімді әйел сақал түгелі жағымсыз иістен де жиркеншек келеді,-деп Қымыр көшелерден көп көретін жап-жас жігіттердің әп-әдемі бетін қылшық,қыбырмен айғыздаған ұсқынсыздығын жаратпайтынын білдірді. «Ей, ердің бетіне біткен сұлулықты түсінбейтіндерді баяғыдай салықта тоқтата алмас.Әлемде дүлей борандай соғып тұрған дінбұзарлар, зәлім терроршылардың паролі осы сақал сияқты көрінеді. «Біреу -қайқыны сүйеді, біреу-дүңкіні сұйеді» дегендей шет елден дүркіреп келіп жатқан жамандық аз ба?

-Бәрінен бұрын ойлаймын, әйелдерге обал, тәтті еріннен шырын дәм тата алмай мұңданып жүре ме деп.

-Е,төсекте ләззат алал алмаған ертедегі аналарымыздан қалған сөзде: «Көңілсізден көтсіз бала туады» депті.Бүгінде үш жүз мыңдай белсіз ұрпақ, тіпті әлемдегі әйелге әйел, еркекке еркек үйленудің масқарсы қара ормандай сақалдан үрейленіп төсектен шошуы емес пе?-деп Қымыр: « Сәкен сықылды сұлу келбетке расында қара мұрт жарасады.Бірақ, біздің қазақ сақал қоюды жасы алпыстан асып, айбары әлсіреген кезде қойған ғой.Демек,сақалды үрейге жорыған сыңайлы,кәртайғанда сый, құрметі әлсірей бастағанда есерлер кездессе сақалымды сыйламайсың ба? деуі соған мысал тәрізді.Үйде де ,түзде де сақалын үрейдей сезініп тұнжырап тынатын сықылды.Дәуірлеген жастық дәуренімен үнсіз хоштасу кезеңін білдіреді.Ақсақалда ақыл бар дегізіп о дүниеге жақындаудың белгісіндей көрінеді ме екен?.

  -Бүгінгі жастар немене анасының құрсағынан қартайып сақалымен туылды ма?.Құрыш білекті, отты жүректі, ерлік айбары жеткілікті болып тұрғанда сақал қойып алжығандай болуын жұрт қалай көрсе,олай көрсін, өзім жөнсіз деп білемін.Ең қауіптісі ұйысқан сақалдың әр талында нетүрлі шаң,тозаң,лас,қоқым қанша тазартсаңда кете қоймас.Қазақ: «албастының бәрі ауыздан кіреді» дегенді түсінбей әйеліне, бала,шағасына сүйісу арқылы нетүрлі дерт тауып бермей ме? Сүйіскенде елу мыңдай микробты бір –біріне жұқтырады дегенді медицина да жоққа шығармас.Қазақтың жырларында да ауыз сүйісуі кездеспесе, үнді киноларында да махаббаты қызғандардың да сүйіскенін көрмейсің,-деді Тымыр құбақан жүзіне арқаның аязы көрік бергендей сезініп.

-Бұл ойыңды тән саулығына қатысты деп қойыңыз.Әлемде дауасыз дерт, сөнуі қиын өртке айналған дінбұзарлардың нетүрлі зұлымдығы,сойқандығы сақалдылардан басталғанына күмән көп.Қазақтың біразының қара шаңырағын арақ ойрандап еді.Содан зәрәзәп болған ата,аналар кеңес үкіметі тыраң етіп құлағасын ер жеткен ұлдарын дін жолына бағыштап Әбсаттар қажының тұсында Араб елдеріне оқуға жіберді.Олардың көбі исламның даңғыл жолынан адасып, дінбұзудың түрлі зұлымдық даярлығына жетіліп, қобыраған сақалдарын сүйретіп мешіттерге кіріп дәйек таппай жат пиғылдарын өзгелерге үйретіп,соңына еріте бастады.Түрлі,түсті сақалдылар Ақтөбеде, Атырауда сойқандығын көрсетсе, қағынан жеріген құлан қаңғырып өлер деп,Серия жаққа қаншама сақалдыларымыз дерексіз діннің зардабын шегіп,ата,анасын,туыс,туғанын ел алдында қара бет атандырып отыр.Әбсаттар қажы шет елден білім алғандардың тірлігін, адамдық қарым, қатынасын бірден бақылауға алғанда зұлымдыққа дәмелінің қадамын тиып тастауға болатын еді.Аңсыздықтан біраз адамның обалына қалдық,-деп Қымыр тірліктің сұлулығына елігетін сезімін жариялап:  -Кейбір пенде қызық,бедені бұзылмаған сұлулығын өзіне көпсіне ме екен? Көркін алатын сақал қойып. Кейде ойлаймын,үсті-үстіне айырылысып жатқан жастардың жанұяны тұрақты құра алмауына сақалдың зияны тиіп тұрған жоқ па? Төсектен ләззат ала алмаса безе қашпай ма? Әлде вахабист болып кетеді деп әйелі қорқа ма? Қорықпай қайтеді,әлемде бесік табы белінен шықпаған бала дейсің бе,жар сүйіп жар қызығын, бала сүйіп бала қызығын көрмеген қыз дейсің бе, беліне,қойны,қонышына жарылғыш толтырып көпшіліктің ортасына кіріп өзін де, өзгені деп ажал құштырып лаңдатып жатыр.Терроршылық үшінші дүниежүзілік соғыс талай жазықсыздың өмірін ойрандады.Оны әлемдік кейбір көсемдер біліп, қайрансыздық танытса, үреймен жұмыр жерді басқарудың тәсілі ме деп қаласың.Дер уақытында елең етпеудің кесірі аз емес.Кейбір сақалды дінбұзарлар: « Біреудің жанын қинамаңдар, бір адамды өлтірудің күнәсі барлық адамды өлтірумен тең,-дейді қасиетті Құранда,-дегенді бой тұмардай сақтай ала ма? Ай, қайдам.Бірдің емес, ондардың,әлемде мыңдардың жанының жарасы бар.Пендеміз бәрімізде,өмір сүреміз әлімізше.Жүрген жолым даңғыл ма, әлде қасіреті қалың бұралаң,өзгелер емес,өзім ғана оны ұға аламын.Өзгертуге әлемді күшім сірә келмейді, қос қарашықта тұрған дүние, қызығын неге қантөгіссіз көрмеймін.Сақалды болып зәлім атанғанша,сақалсыз боп өлейін,-деп ана жылы «Кеңқияқта» дінбұзарларды құрықтау кезінде дүкеннен келе жатқан бүлдіршіннің оққа ұшқанының қайғысы ұмытылар ма? Дінбұзарлар түтіктерді тесіп мұнайын сорғызып автокөліктермен Ауғанстанға дейін асырып қылмыс жасағаны және бар.Шет елдің терроршы, вахабист тобырларымен байланысып күндіз мешітке барып, түнде ел байлығын тонауды айтасың, сойқынды содырлар өлген адамды тездетіп көміп, моласын тегістеп тастауға дейін күштеп әрекет етуге бар,-деп Жанай зарын шағатын еді.Ел тынышын кетірген кейбір сақалдылардың әлегіне басқа да мысалдар жетерлік.Қайдағыбір шет елден келген зұлымдық елес емес, шындық.Терроршылардың әлемдегі қан қақсатып жатқан зұлымдығын айтып түгесе алмассың.Ертеде базардағы байдың сақалы өртеніп жатқанда, жанына делдалшы жетіп келіп қолымды жылытып алайын депті деседі.Сол айтқандай зұлымдықтың делдалшылары есепті дінбұзарлардың оңазаланған зұлымдығынан сақтансаң сақталарсың.Сонымен түрлі, түсті сақалдылардың көзіне оқтын-оқтын тіке қарап, мініскердей жіті бақылайтын кезең келіп тұр.Қазақ: « қотыр қолдан, таз тақиядан жұғады» дегеніндей шет елдік терроршы сақалдылардан бір жамандық жұғып жүрмесін деп қара шаңырағымыздың, еліміздің амандығына жаппай тілекші болудың басты амалы жан-жағымыздағыларға өте сергектікпен қарауымыз артық болмас,-деп Қымыр да, Тымыр да, толып жүрген көше тазалаушылар желтоқсан айының онкүндігінде қалың түскен қарды тазартып, таза ауаны қомағайлана жұтып тағат таппай рахаттанып жүрді.Қазақи мінезімізде ықыласты көзден, мейірді көңілден ( сақалдан емес) күтетін кеңшілдігімізге жат көздің сұғы өтпегей...

                А Қ П А Қ Ұ Л А Қ  Е М Е С  Ш Ы Ғ А Р С Ы Ң

Тазшаның маңдайына жазылған кедейліктен арылмаса да, пейілі тарылып көрмеп еді.Адамдардың қырық пайызы кедей деседе қайнап жатқан өмір ортасында жүріп қоғамдық әдеп,тәртіпті сақтап, қазақтың ұлылығын мақтап,жамандықты даттап, ағын ақ деп,қараны қара деп ой-өрісін білдіргені көбіне ұнап қалатын еді.Бүкіл өмірінде сыбайластыққа ерген жоқ,жағымпаздыққа көңілін бөлген жоқ,орынтақта отырған бүгінгі қызына да, ұлына да сенген жоқ.Пікірлері бір-біріне қайшы келіп жатады.Бүгінгі ағым ақшамен ақжолтайлық.Мұндай қағаз қайық әлемде өктем күш алып тұрғаны түсінікті.Ұмыттырып жатыр адамның айқын бейнесі кісілікті.

  Ұлы айтады: « Әке социализмнің тұсында серванттағы сервиздей қатал тәрбиелегенің жетер.Соның кесірінен алуды да, бас пайдам үшін біреуге берудің де жолын ұқпадым.Адал боламын деп алданудан көзім ашылмады,шектен тыс тазалық таңдайымды тілді, әбден сорладым, деп қорғансыздығына налығандай болып еді.Тазша заман өзге, заң өзгені білсе де,миллиондаған қаржының иелерінің қағаз қайығы жұмыр жердің тиімді банкілерінде екенінің мәніне, мәнісіне түсінбесе де қанға сіңген әдетімен:

  -«Сен дүние-малға сұқтансаң, өлім саған сұқтанады»-деген данышпан Ю.Баласұғни.Пендеге ізет керек, ақыл, ойға күзет керек.Әке тұрғанда ұлы бүйтіп асып-асып сөйлемес болар.Безіп кетер жұрт,әкесінен бұрын сөйлеген неғылған қырт дер,деп ұлын сабаға түсуге үндеді.Ақша үшін арпалыс,оңай олжа жолындағы жанталас кісілік сезімді талқандайтынын айтуды борышым деп санағанымен падакүнемдік жолынан арашалай алмайтынын біліп, Тазша бармағын тістеді де: « Әдепсіз адам қылмыскер болады, қасиетсіз адам туыс, туғанын тонағыш келеді.Сен ондайдың қатарына қосылмайтын шығарсың, өйткені, дәрежең өзгенің ырқындағы орындаушысы сықылдысың.Асып бара жатсаң етегіңнен тартады, сыбайлас тобында күдік пайда болса, сені отқа итере салады.Сен олжа тапқың келсе, түрмеде орының да дайын тұрады.Сондықтан адал болдың, адал болып дүниеден өтуге тиістісің.

  -Е, сонда иниститутты пара беріп бітірген білімсіз Шортанбайдың Сазанбайының құлы болып жүре бермекпін бе?Ол орынтақтың биігіне шықса, мен де қарап қалмаймын, орынбасары болып билігімді жүргіземін.Оққағарлар бар, пара пайда табар нөкерлер жетерлік,Миллиондардың иесі, кейде мені жүдеу деп келемеждейді.Әке адалдықпен, біліммен алға шығасың дегенің қайда? Біздің мекеме де Сазанбайдан табысы да, олжасы да қалыспайды, қоқыстарды ұқсату өндірісінің не істеп, не қойып, қандай қаржыны қалай жұмсап жатқанының шындығын менен басқа ешкім білмес.Міне, әке сенің адалдық ақылыңды меншіктеп жүре бергенде арам өлетін едім.Қаладан тасылатын мыңдаған тонна қоқыстың пайдасы мен олжасы өзімнен басқаның ойына келіп, көзіне түспейді.

                   О Й  Т Ү Й І Н

Пенде болғасын маңдайға жазылғанды көрмек бар,татар дәмің таусылып, көрер жарығың біткесін өлмек бар.Айналымға келмейтін қасқағымдық ғұмырыңда таудай жамандықты қабырғаң қайысып жеңбек бар.Өтірік күлетін зұлымдар кездессе айтқанына амалың құрып сенбек бар.Аққұла кетер еңбек бар.Көресіні көрмей көрге түспейсің дегенге көнбек бар.Ырысты әженің көкірегі қарс айырыла өткенін ойлады.Жоқтау зары талып-талып жетер деймісің жарының құлағына, сызат түспес сағынышпен шыдамына.Аллаға жалбарынады жараланған жанына ем іздеп.Төңірек меңіреу, жауап қатпайды, таңды таңға ұрса да көз ілмей.Арман, үміт қою таң арасынан пайым таптырмайды, қос жүрек зарын айқай-сүрең ұмыттырғандай түрі бар. «Есіңді жи, ұрпақты аман сақта!?-деген жарының қатал үні бар.

  Нағашы әжем Ырысты діңкесі құрып жазықсыздан жау атанған құдай қосқан жары Жолмағамбетті ойласа, бұл қайғы бірдің емес,мыңдардың басында деп өзін-өзі кейде жұбатады.Кер заманға лайқат зәлім, қанішер адамдардың қиянаты екенін түсінеді.Әйтпесе, Жолмағамбет Аненков басқарған ақтардың армиясын талқандауға қатысып,Атырау ішкі істер басқармасының жауапты жұмысын атқарып, одан соң мұнай өндіру шаруасына кірісіп еді. «Кеңес үкіметі жарылқайды,теңдік алдық» деп жүргенде жау атануына ешкім сенбес еді.

Залымдардың зобалаңы саясаттанған, өздерінше дұрыс, құлқының үшін, кеңес үкіметіне қарсы астыртын үгіт жүргізіпсің, байларды қорғапсың дегенді үштік қалайша сухитып айтады?-деп Ырысты дастархан басында қағаз жазғандардың беті былш етпегеніне Жолмағамбет ызаланып: «Ақтарды қалай талқандадыңдар,ерліктеріңді ел біледі», демейсің,-деп әлгілерге айтқанда, олар үнсіз сұрланып,бар болғаны: «Уақыт тығыз, тез киін!-деп әмір етті. Содан жиырма беске жетпей жесір атанып екі ұлын бауырына бсып еңіреп Ырысты қалды.Зымырап өткен уақытқа үмітпен алданды.Жары сол кеткенінен оралмады, ең болмаса жұбаныш етер моласын да көруді жазбады.Құтмамбеттен тараған Балмағамбет, Бимағамбет, Жолмағамбеттің ұрпақтарын, келіндерін ұйыстырып отыру Ырыстыға жүктелді.Ескененің мұнайын Одаққа танытуда ерекше еңбек сіңірген Құтмағамбет ұрпағы мұң-шерін көкіректе тұншықтырып ар-ожданның тазалығын танытса да үстемдік иелері «тұқымыңда жау бар көрінеді» деп айта ма деп үрейленіп, жасқанумен тірлік етті. Ырысты ана: « пәле-жала ұмыталады,қасірет зары көкіректіте шөгіндіге айналар,өмірде ізгілік те, зұлымдықта болмай тұрмас,адалдық жеңер түбінде,-деп табиғатындағы аналық ақылын айтудан жалыққан жоқ.Көкірегіндегі үрейді сездірмей, ертеңгіні көріп тұрғандай, келешекке сене білді.Қандайда үрейді жеңетін үміт,сенім дегенге мысал тарихымызда жетерлік.Тәуелсіздікті көрген Жанша жеңгеміз әкелеріміз бен аналрымыздың ақ тілеуі бізге бұйырды, ұрпағымызға бұйырды,қайғы,зардың өтеміне Алланың көзі түзу болғай, деп кетккенді келтіріп,өлгені тірілгендей әсердегі шексіз қуанышын көріп едік... «Үрейдің қан жауардай қара бұлты тарқады...Бұл мәңгілік қуаныш болғай!..

                      « Атағы да, шатағы да жоқ Мыңбай».

«Бірікпегенді бүрге жеңеді» деген қазақ.Рас, бірлігіміздің нәтижесінде әлем таныған ел болдық.Тәуелсіздік әні көгімізде өріліп тұр.Әлем бізге қарап өзгеретіндей көрініп тұр.Бұл ұлтымыздың ұлылығы.Сөйте тұра құйындай ұйтқып, бір бүйірден ытқып, айтарымызды байқап айтпай, бірдің емес мыңдардың ар-намысына оқтай қадалар сөздің сиқын көріңіз.Қол қойып, куәландырғаны бойынша, «атағы да жоқ, шатағы да жоқ», дейтін Мыңбай Рәштің: «Жұмаділовтың «жауы», Шахановтың дауы бітер емес» деген фельетонында: ...Әу,басында сірке деп еді,бүгінде битке айналды» деп түйеден түскендей қойып қалды.Масқара сөз.Шет елдің жымысқы қулары  іліп әкетсе, қазақ жазушылары бірін-бірі сірке, бит дейді екен деп әлем алдында халқымыздың абройын төгіп тастамай ма?Сірке мен биттен басқа кейіпкеріңе ащы сөз таппадың ба?Оу, Жұмаділов пен шаханов намысымды қорлап кісі есебінен шығарды,сірке, битке теңеді деп сотқа берсе 83 жастағы Мыңбай айып төлеп құтыла ма, әлде тірідей өлдім-ау деп жер жарығын іздеп өкіне ме? Өкінетін адам сірке мен битті аузына алмайды. Шатағы жоқтың шатақтың ауыр жүгін іздегені болар шамасы.

  Фельетон жанрының білгірі Темірбек Қожакеев: « Сынайтын кейіпкеріңнің намысына тиме,ол қоғам мүшесі, оны жеңіл,желпі қылмысы,қателігі үшін басқа әлемге көшіріп жібермейсің»-дейтінін Мыңбай естісе, білсе қаперінен шығармауы керек еді. Қазақта «қырық кісі бір жақ,қыңыр кісі бір жақ»,-деп мақалдай тұрып Оразалинді жақтайтыныңды ашық білдіріп,оның пәлен жыл бойы жинаған абыройын шашып тұрғаныңды нееге байқамадың.Қалың жұрттың ішінен: «Оу, Нұрлан Оразалиннің басына не күн туды, Мыңбай Рәштің қолпаштауына қардар болғандай. Ер азаматтың кімі кім екенін халық танымайтын ба еді?-деушілер табылмас дедің бе? Кеңес заманында ақлы,ойы шолақ жағымпаз басшысын қолдап, қорғаймын деп мазаққа ұрынып,сая таптырмай қорлап тастайтынын Мыңбай осы жасқа келгенше түсінбегенің қалай?Және бір таңырқайтының Мыңбайша: «Отқа май құюға шебер басылымдарды жең ұшынан жалғасқан қараниет қаламгерлер пайдаланудан тайынбайтынын да байқадық,-деп көкейге қонар дәлел,дәйексіз,қандай басылым екені белгісіз, көрсоқырдың өсегі ме?Ол-ол-ау қаламгерлерді қараниет деуі көпке топырақ шашудың сорақылығы емес пе? Кім қараниет,аты,жөнін,зұлымдығын қолмен қойғандай айтпайсың ба, Мыңбай? Сонымен әр сөйлемді аңлап зерделей бастағанда: « Жұмаділовтың Жазушылар Одағының төрағасы (қазір сенатор) Нұрлан Мырқасымұлы Оразалиннің соңына шам алып түсіп, өсек аузын көсеп,шу шығарып жүргенінен де талай жыл болды,-десе оның себебін неге ашпайды.Жалған өсек айтып намысына тисе Нұрлан неге Жұмаділовты сотқа бермейді? Құлақты мақтамен тығындағандай неге тым-тырыс.Осы орайда Жамбыл облыстық газетін ұзақ жыл басқарған Баттал Жаңабаевтың: «Менің басқарған мекемемде атқарған ісіме бір қаламгер наразылық білдіргеніне көзім жетсе, ертең-ақ билігімді тапсырамын.Өйткені, бір адам ондарды соңына ерітеді,қателігімді кешірмейді,-дегені бар-ды.Мыңбайдың: «шатағы таусылмайтын алаауыздардың басында қой бастаған текедей (адамды енді текеге теңеді,сұмдық-ай) текіреңдеп Қабдеш Жұмаділов тұр»-дейіне айран-асыр болып, оның «соңғы көшін» оқып,осымен керуені шөгерілген шығар деген ойда едім, деп Мыңбай қалың оқырманның құрметіне ие болған кітапты қызғанды ма, әлде ойын жалғап: « Жо..ға қатты жаңылған екенмін.Қабдеш енді керіс керуенінің «көсеміне» айналдыЖолы теріс,сөзі керіс керуені жүк арқалаған жай керуен емес,қазақ қалемгерлеріне қарсы бағытталған керуен.Жәдугейлік жолдары орыстардың «дальнобойщигінен» де дөкей.Көптен бері Қабдеш қарап жата алмайтын жертке шалдықты.Қақтығысуға қара іздеп, қара тер болғыш қасіретпен сырқаттана бастады»-деуі Мыңбайдың кімнің қалай ауыратытынын білгіш көріпкел болғаны ма? Қабдештің ішіне-кіріп шыққандай, ой,пікірін қатесіз ұққандай мыңбайдың күйіп-пісуі Нұрланды жұмыртқадан ақ, судан таза етіп көрсетуіне талпынысы.Талпыныс емес Нұрлан есімін әлемдік деңгейде дегісі келіп: «Көпті көрген,нені болса да әлемдік деңгейде, парасатпен пайымдайтын, жаңалықты жалғағыш, болшақты болжағыш, (дәлел, дерек жоқ) деп сылдыр сөзбен мақтауға тең таппайтындай болғанын түсінгіңіз келсе, ондай алмасуға жатпайтын басшыға қырық адам неге қарсы болады.Жоғарыдағы Баттал айтқандай бүгінгі қырық адам, уақыт өте жеті-сегіз жүзге жетпесіне Мыңбай кепілдік бере ме? Оу, басқаны айтпағанда өткен жазушылар сьезінде Оразалинге айтылмаған сын қалмады.Соған шыдаған Нұрланның жүрегі шынында әлемде сирек шығар.Қалың көптің алдында кемшіліктерді тізіп сілкіге салғанда жалған жала болса сотқа неге жүгінбеді.Неден жүрексінді.Финанстық шаруам тап-таза деп адалдығын заңдылықпен жариялап тастамас па еді.Ондай болғанда ешкім үн шығармас еді.Бәлкім сонда Мыңбай да адамды сірке, бит, теке демес еді.Мыңбайдың тағы сөйлемінде: « Жұмаділов жасақтың бас басшысы болса, оның белсенді қосшысы- Мұқтар Шаханов.Құдайға шүкір, ол да  атақтан ада емес. (Оу, шахановқа атақты өзің беріп пе едің.Халықтың құрметін көре алмайсың ба? «қызғаншақтың ішінде доңыз жөңбекшиді»деген мәтелді білетін шығарсың). «нар көтере алмайтын атақтарын өзі де көтере алмай жүр-ау!..Біз білетін Шаханов қайда жүрсе де екі иығын жұлып жеп, жөтеліпте, қақалыпта,ашуына шашалып, қызбалана сөйлеуді әдетіне айналдырып алды».Сөз болғаныңа,осы сөйлемді Қожекеев тірі болып оқыса, адамның намысына тиюге қандай қақың бар,сотталасың, деп сазайыңды берер еді.Ол-ол-ау,Мыңбайдың: «Сол түні көзім ілінген жоқ.Дөңбекши берем»,-деуін бүйі шағыпты демеңіз. «Алматы» санториында бірге дем алыпты.Содан демалушыларға дыбыс толқыны арқылы хабарламада: « Кешкі сағат 19.00-де санаторидың жиынжайына келуге асығыңыздар! Әлем ақыны(?) Мұқтар шахановпен кездесу болады!» дегеніне Мыңбай: «зықымды құртып, әбден мезі қылды.Сұқ саусақпен қшіріп тастадым.Оның үстіне Мұқтарды бір кісідей білемін ғой!,-деп бір тынады. (Хабарлама деректің көшіремесі қайда?)Қазақта қолға түспегенді қорлағым келеді дейтін қызғаншақтыққа соққы тиетіндей ащы сөз бар.Көзің ілінбей дөңбекшуің ішің күйіп бара жатқаны болар.Бірақ, Шахановта ұзында өші, қысқада кегі кеткендей Мыңбайдың аяитын түрі көрінбейді.Қайта: « Қазақ», «қазақ тілі»деп қоқаңдап, дүйім жұрт алдында ұпай жинап жүрген шаханов «қазақ» атауын қомсынып, даңғаза  «әлем» атауына сонша неге құмартып жүргеніне таңым бар «тфу»,-деп қалғып кеттім, деп бір тынады.Сөйлем қиянатқа құрылған.Себебі, Қалың жұрт білетін шаханов қазақ тілін жоқтаушылардың бірі, президентімізде қазақ қазақпен қазақша сөйлессін дейтінінен жаңылған жоқ.

  Ол-ол-ау,Мыңбайдың: « Атақтарын арқа тұтып,адыраңдаған Шаханов шулы шатақтарын қояр түрі жоқ, (кімнің басын жарып,көзін шығарыпты)деп ар-намысқа тиюіне жол болсын.Сорлатқанда Жұмаділов пен Шахановты қаралап, Оразалинді қорғаймын деп шала бүлініп, әрпіл-тәрпіл сөзін шашып әуреге түскенде:

  -Мыңбай шығармаңа мені кірістір ме,өзімді қорғап заңдылықпен жұмысымды ақтай алмайтын сорлы емеспін ғой,-деп айтпады ма екен,деп таңғаласыз.Егер осы шығарманы оқыса  әлемдік деңгейде,болашақты болжағыш деген сықылды сөздер артық болар демеді ме екен?Мыңбайдың сирек тұлға деп көрсетуіне қарағанда ертедегі бір ақын үрейленіп және атақ беремін дегесін «Күнсіздерге күн болған, жер жүзіне нұр болған»деген өлең жолындай Мыңбай болашақты болжағыш деп дерексіз сылдыр сөзіді айтқаны қалай?Сонымен Жұмаділов пен шахановты мұқатпақ болып, Оразалин өзі кемшілігі болса неге өзі ақтай алмайды, неткен дәрменсіз деген ойда қалдырады.Мұны президентіміз оқыса кемшілігіңді өзің айтпай  жұртты неге шулаттың» демей ме екен.

  Мыңбай отыз жетінші жылға қызмет етпегенінен шүкір.Әйтпесе, мынайда шығармамен талайды түрмеге телміртер еді.Сөзін қараңыз: «Сүттей ұйыған одаққа  ойран салушы одағай іріткішіл «пілет» өшпендіктерін қашан доғарады?-дейді.Оу, осыншама жазушыға  басшылықты баянды ете алмай алакөздікке жол бергенің не Оразалин, өзіңде кінә жоқ па?-демейді.Мыңбай тағыда: «Пасық пиғылдылар қайт,әрі!тәйт,әрі!-деп тағы адам құқына тіл тигізеді.Сонымен аты аталғандарда,басқасы да Мыңбайша сірке,бит дегн қорлық сөзді кім кешіреді.кешіруге жатпайды дегені сотқа берсе өлеріңнің шағында елден ұят болмай ма? «Атағы да, шатағы да жоқ,мыңбай» деп Оразалиннен атақ деметтің бе?Рас, өткен жылы қырық адамға жазушысы бар,басқасы юбар «Алаш сыйлығын» беріп сыйлықтың құнын түсіріп еді.Сол құнсыз сыйлықтан үмітің болса сірке, бит деп жазушыларды қорламай, басқаша амалын қарастырмағаның өкінішті.Қара жер атақтыны да , атақсызды да теңестірмеуші ме еді? Ал елге сіңірген еңбекті халық өздері тауып алмай ма, Мыңбай?.

 -Өмір сұраққа толы.

  -Соншалықты табыс адал еңбек емес қой, бір күні дөңбегі дөңкитіп тынбасын, байқа ақпақұлақ емессің ғой.

  -Зенетақыңа дейін желінгеніңді білмейтін өзіңде ақпақұлақ емес шығарсың.Оданда Киров кеңшарындағы қарттар үйіндегі орныңа барып тып-тыныш жата кет.

  -Дұрыс,адалдығымыз айнадай жарқырап тұратын қарттар үйінде таңымыз әдемі атады,адалдыққа құмартумен күініміз әдемі батады.Сөзімізді тыңдайтын бар,жетімсіресек көңілімізді жұбатын ақылдылар бар.Ал, сен менің ұлым емессің.Түсініксіз тірлік кешіп, түсініксіз сөйлейтін бөтенсің,-деп Тазша өзінде бала болмағанын жақсыларды көрсе ұлым дей кететін әдетіне басып еді, тауы шағылып алтын сарайдай үйден шығуға ыңғайланғанда қарсы бөлмеден сөйлеп шыққан әйелге:

  -Бәйбіше не болып қалды?-деді.

  -Не болушы еді,Ашкөзік елді бұзады,депті бір данышпан.Қызым бұзылды,жексұрындық пиғыл тапты.Шашы жұлынғыр тұла бойын жарқыратып абыройын төкті.Әйел адамның ашық жерінің бәрі толған шайтан деуші еді.Түнгі клубқа барамын деп тепсініп,ақыры өңменімнен иетіріп кетіп қалды.Байын да таппады,тірлік жайын да таппады.Бойына біткен шаранасын өлтіріп тастайды,Шет елдің зымиян ақылына ділгәр болып желіккесін тоқтату қиын,-деп көз жасына ерік беріп бір сығып алды.Бұл бәйбішені Тазша танып тұр.Ешкібастың үлкен қызы еді.Сол бір оқиғаны есіне алып езу тартты.Жұрт таңның атысы, күннің батысы еңбек етеді.Жоқтық, асқа,киімге жарымаған кез.Анасының киімін қызы кие береді.Таңнан тұрып бірер малды жайлайды.Сөйтіп, қызы шешесінің күртешесін киіп мал жайлап жүреді, жапалақтап қар жауып тұрады.Сыртқа шыққан Ешкібас ауладағы малға шөп салып жатқан әйелді көріп:

  -Әй, қатын шай қоймайсың ба?-деп әмір етеді. Сонда қызы басын бұрып:

  -Әке, мен ғой,-дейді.

   Сасып қалған Ешкібас:

  -Тәңіратқыр өзіңде анаңдай болып қалыпсың,-депті.Сөйтіп, байжеткен қызын Ешкең сол жылы тездетіп Мұзбалақ деген жігітке ұзатып еді.Бұда салуалы бәйбіше болып алтын сарайда өзінің қайғысын, шемен-шерін тарқата алмай, өлейін десе ажал жетпей сорлап отыр екен.Тазша өзін оған танытпауға тырысып:

  -Аналық ақылыңды тыңдамаса сенің қызың емес шығар.

   -А-а, расында басқа бір албастының қызы ма?-деп бәйбіше абыржи бастағанда Тазша қасиетсіздерді алыстан іздемей-ақ әркім өз үйінен таба бастағанына өзі түсінсе де кейбір ақпақұлақтардың қаперіне кіріп шықпайтынын ұғынып, түн қараңғысында далаға шығып аспаннан жұлдыздарды қарады. «Әркімнің дербес жұлдызы болады деуші еді, жұлдызы жоғары жастар көбейгей?!-деп күбірлеп бағытымен кете барды. 

                       О Й Ы Л

                        (ода)

  Кернегенде көкіректі сағыныш сазы, кәрі жүрек тыпырлайды туған жерді аңсап.Түсінемін болмыс тірлікті, өмір деген жыл кешу, уақытша күндікі.Қараша үй қалды,алыста мосы құрып,ас әзірлер, ашып тастап түндікті.Үлкен жақсылық  күткендей жүруші еді, туыс,туған үмітті.Бір үзім нанға зар болып,ата,анамыз қан түкіріп қайғылы.Жоқтық көрген жетелі деп ұғынатын жай мұны.Езілген халық күйелшең өмір сүріпті.Жер үсті сонша дүрлікті.Өмір кірпік қаққандай, үстемшіл-үрей даңықты, қан аралас көздің жасы төгілді, маңдай термен ақ тары жерге егілді.Өлер жеріне де күліп баратын халық неткен баламінез көңілді.Сындырмады шөлмегінде сенімнің.Шығанақтай батырдың, әлемге даңқы асқан-ды.Ақ тарысы батырдың теңіз болып тасқан-ды.Ақ тарыны жат адамға бұйырмауын тіледі,біздің Шықаң болашақты ойша барлап жүреді.Кейбір дұшпан тасада тұрып ырқ-ырық күледі.Қарғыстан қорықпайтындар күле берсін.Құзғын көзін қарықтырар тау-тау ақ тары, жаудың да құтын қашырып, үрейін ұшырар.Шығпанақтың даңқ деген биікке ұшар ақ құсы бар.Ақ тары. Бұл Ойылдың асылы көп теңіздей толқыған, байлығы асып  көк тірердей жұлқынған,ел мен жерде ерекше сәнділік,бұзылмаған қасиеттің қаймағы, самал ессе ажарланар ақ тарының аймағы.Сақталатын өлгеніңше жадыңда,мақпал топырақ жаныңа ем, жалааяқ аршындап адымда.Сол сәтте тосын бір күй әкетеді жаныңды да балқытып.Ойыңды да шалқытып.Кенет баянсыз өмір,жан тыныштығын бұзады үрей.Бет қаратпас кезең дүлей.Тұтқиылдан тап болар өңшең залым, тілейтіні ажал-өлім.Әр минөтте төніп тұрды қатер-қауіп.Ауқаттылар аласұрып кетіп жатты жер ауып, Берияның түрмесінен орын тауып.Зары қалды далада,халықтық санада. «Жүгірген қырдан, қырға құмай тазы,жігітті мұңайтады малдың азы,жігіттер малым аз деп мұңаймаңыз,бір күні өлім келіп шұнайтады,-деген қайғылы жыр шумағы желмен ызыңдайды.Көңілде түнек, түрме толды, «жаулық» үдеп.Саясаттың кәрі қатаң қалың қайғы.Құты қашып, үрейі ұшқандар,азық таппай сенделген панасыздардың жанын қинаған зарлы үн.Қырғын өлік, құзғындарға жем болған емей немене, 1898 жылғы нақты есепте Ойыл халқы 19901 адам болса,әр шаңырақта 6-7 жаннан келсе, 1999 жылы 20400 адам ғана, ғасыр бойғы өсім қайда? Төрт бірдей кеңестік заманның қолдан жасалған аштығында қырылды. «Қызыл керуенді» қарулы топ басқарып 1930 жылдың өзінде Ойылдықтар 4800 пұт орнына,7012 пұт астық тапсырып, әрбір шаңырақта бір уыста астық қалдырмай Мәскеуге жинап әкетсе халық аштан қырылмай қайтеді.Өлгендер жайрап жатты «Сегіз сайға» құлап, әлсіздер өлілердің бетін де жаба алмады.Аштық қырғынын ешкімде айта алмайды шүбә қылып,аштардың өмірлері көрден жаман көз алдында  тұрған ұлып.Кейінірек сейілді қайғылы тұман,меңіреу кезден өтіп жалт етті шұғыла қылаң.Шығанақтардың абзал өмірі де өтті жылдам.Бүгінде халқын асырушы Ойыл өзенінің өнбойында тулап жататын суармалы ақ тары егісінің думаны, о да тарқап,көзден де ,көңілден де қашты байлық.Өзен, көлдердің су тартылып тандыры кепті, шаң, тозаң көзді жауып.тірлікті тұр пендесін мұқатқалы.Кеңестік кездегі жойқын қаруларды сынаған сыңақ алаңдары дауыл-үреймен тұншықтырып қара тасқа мұң шаққандай етеді.Ауасы тұншықтарады дем алдырмай, күйген терідей өңір жатыр тұлан тұтып.Қайғысы қалың, қайырымы жоқ өтемі.Орал тауынан бастау алатын өзендер қызғаныштың қыл көпіріне түскесін шөлге айналды мекенім.Өкінішпен қаси берем желкемді. «Ашынғанның тілі шығады,ашыққанның қолы шығады»-деп ойылдықтар ашынды да, ашықты да, жеріне күрек салсаң әлі күнге адамның сүйегі шығады.Сонда тыңдарсың азалы үнді құлақ түрып,шошырсың және зәрең кетіп.Долданасың ыза-кек бойды кернеп.Кіжінсеңде шыдау керек.Бұл тірлікте адамдықта жетерлік, арамдықта жетерлік.Айналайын туған жер,бәрін тұрған көтеріп.Қыл шайнап,тал жұтпай, еңбек еткендердің перзенттігі жатыр өтеліп.Ұлылардың рухымен жігерленіп өтелік.

  Қалмағандай бүгінде қайғы іздері,естіліп еркіндіктің күн тізбегі.Тәуелсіздік мақтаныш сағаты боп,қазақтардың естілді асқақ үні.Түседі ойға тарихым жүдеп-жадап, іздеңіздер ғайып боп жоғалмасын.Мәңгілігін тарихтың біле алғайсың.Ойыл бірінші ғасырлардан Кердері мемлекетінің бір қаласы болғаны анық екенін айтамын-ау ойға алғасын.Оған дәлел архиологтардың қазба дерегінде екі метрден астам бойы бар алыптардың сүйегі табылғаны.Тарихи дерек көкіректен ойыңды оятып орын табады.Ұлылықты бүгінгі ұрпақ көрсін,міне. Жүрегімде жайнап тұрып,ғасырлар асып жүрсін бірге.Тарихтың шындығы үзілмейді әліде.Ұрпақ оны әкетеді әріге...

   «Ойыл көздің жасы еді»-деп Асан ата айтқандай арманына жете алмай қайғырғандардың көз жасы аз төгілген жоқ шығар.Азаптанып аһ ұрғандар қаншама ғасырларда болмады дейсің, жер тамырында төгілген қан жатты суып.Сырымның, Махамбеттің сарбаздарының дүлей толқынмен аққан қандары жерге сіңседе ел тарихында мәлім боп мәңгілікке жатыр сақталып.Мәңгілік демекші Ойыл өңіріне халықтардың қоныстануына Араб елшісі Ахмет иби Фадланның 922 жылғы саясат жазбасында Ойыл өзені белгіленгенін тарихтан біліп отырмыз.Сол заманнан бері қалған сөзде: «Судың жолын құм бөгер, елдің жолын сұм бөгер»деп тегін айтылмаған.Ендігісі мәлім, аманат халқым саған.Өзенді құм шөгіндіден тазарту қаперден шықты,кетірді табиғаттың берекесін.Елдің жолы болмады,үстемдіктің көңілі өзгерді де.Халықтың жан жарасын жазамын деген Ойылдан шыққан алып тұлғалыларының бірі Сәрсенғали Бабақов Түркістан-Сібір темір жолында басшылық жұмыста істеген кезінде Ойылға іргелес жатқан Тұз төбеден темір жол тартуды армандамады деймісің.Үміті өкініш, өйткені туған жері де,отаны да Кеңес Одағы делінеді,оның шеңберінен ауытқысаң жершіл, туысшыл деген жаза дайын.Басын оққа тігу қайда? 1942 жылдан  КСРО Қарулы Күштернің Бас штабында  дәрігерлік жұмыс атқарған,1943 жылғы 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Тегеран конференциясы өткен күндерде И.Сталиннен бастап Кеңес Одағы делегатциясының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Қуаныш Мәкіров ағамыз бір кездесуде күрсініспен: « өмір берген туған жерім Ойылға қамқорлық көрсету ойымызда тұрса да айтудың ыңғайы жоқ еді.Жүрек жанады, баста ерік жоқ,басқан ізіңде,ауыздан шыққан сөзің де аңдулы»-дегенін жөнсіз дей алмайсың.Үнсіз, тілсіз мүлгисің.Өсектен де, өлімненде қорықпаған Ахметжан Қойшығұлов Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің өндіріс жөніндегі хатшысы болып тұрғанда Ойыл өзеніне бөгет салдырды,халқына үнді шайын, ел басшыларына көк трантас жеткізді. « Шығанақ  Берсеевшілердің сұранысына қамқорлық»деп саясаттандырды.Ойылдан шыққан тау тұлғалардың қатарында Ишанбай Қарақұлов, Рабиға Сыздықова,Қажым Қабиевтер көптеген ойылдық жастардың түрлі иниституттарда жоғарғы дәрежелі білім алуына шексіз қамқорлығын жасады. «Елге қайыры тимеген, елдің ертеңіне жақсылық жасай алмаған адам адам емес» дейтін Ишанбай ағамыз.Ал,Кеңес Одағы  Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің белгілі чекистісі Жалекен Тілемағамбетов (лақап аты, Евгений Иванович) дәмдес болған бір отырыста: « Менің туған жерім «Жетікөл» еді.Он бес жасымнан туған жерден білім іздеп кеттім.Бала кездегі жайсаң табиғатының суреті көз алдымда,жүрегім бір көруге ынтығады.Қуансам да, өкінсем де туған жерімді есіме аламын,-деген сөзі елге ақырғы сәлеміндей көріп ойланамын.О дүниелік болғанынша еңсесін түсірмей замандастарының алды бола білген Ойылдың ұлы тұлғаларының кіршіксіз сезімі қалың көпке үлгі еді.Кейде ұлылықты ұмытатындарға тосырқап қарап күйіне күлкім келеді.

  Күлімдеп күн нұрымен қарсы алытын, жұтушы едік Ойылдың таң самалын. «Жыланды» тауына ілінетін сағым сыртында: «Жұртымды жөнге салам деп,түн ұйқымды төрт бөлдім» деп батыр,жырау Жиембет үні,от бейнесі осы далада ізім қалды дегендей еді.Сондай сәттерде ыстық қан өн бойыңды аралап,тектіліктің ғажайып құпиясы жарқырап көзге ұрып терең сырларды ұқтырғандай сілкініп кетер едің.Мұрадыңа жеткізердей үмітпен ықтиярыңды билеген сағынышқа не жетсін! Байқа, бірақ аяғыңның астында ұлылардың көз жасы төгілген киелі жер жатыр.Қаңқайдың биігіне шығып алақанда тұрғандай Ойыл қаласын көргенде жер бауырлап топырағын сүйіп жылаған ғасырдың өнерпазы Нұрсұлу Тапалова да соңғы сөізін айта алмай о дүниеге кете барды.Туған жерге елжіреп, жаның мұңға батқан сәттерде жылы сөзге ғана жұбанасың. Жылдарың көз алдыңнан көлбеп өтсін!Амандыққа қуанасың.Ұлы тұлғалардың рухы жастарға жұғысты болғай!Теңдесі жоқ жасынан қанына ұлттық қасиет ана сүтімен бірге сіңген, биіктерге ұмтылар ұрпақ соны сезген.Үміт таудай!

                                 Х А Т

Қазақстанның мәдиет қайраткері, жазушы Құлыяс Табыл Бекқазыұлы 45 жыл бойы Қостанай,Торғай,Ақмола облыстары бойынша Қазақ радиосы мен телевидениесінің тілшісі болып қызмет атқарды.Сол жылдарда 16 косманавтарды қабылдауға қатысты.Дала еңбеккерлернің еңбектері жайлы үзбей жазып тұрды.Торғай өңірінен жазған 30 концерт-очеркі республика телевидениесінің алтын қорына сақталса, осы еңбегінен орай СССР телвидениесінің лауераты атанды.Автордың шығармаларында Торғай өңірінің кеншілері, құрылысшыларының өміріне арналған тарихи-танымдық очерктері, публистикалық мақалалары республикалық «Социалистік қазақстан» газетінің конкурстарында жеңімпаз атынып, лауерат атанды.Қаламгердің кейіпкерлері Социалистік Еңбнек Ерлері, солардың бірі Социалистік Еңбек Ері Ахметқан Ниязбаевтың соғыс жылдарында жиырма жетім баланы асырап, олардан тараған үш жүзге тарта Ниязбаев әулетінің Торғай,Қостанеай өңірінде диқандық еңбекпен еліне елеулі болғаны жайлы деректі повестісі оқырмандардың жылы сезіміне ие болды.Ал Қостанайдың ежелгі тұрғыны осы өңірдегі алғашқы дәрігер Мұамбетжан Қарабаев жайлы ұзақ хикеясы тарихмызға құнды үлес.

Бүгінде ұзақ жылғы жазған шығармалыры негізінде 32 том кітабының негізгі кейіпкерлері Торғай,Қостанай,Ақмола облыстарының сан-салада еңбек еткендердің салиқалы өмірінен сыр шертеді.Осыншалық қаламгерлік еңбегіне орай 20 жыл Арқалық қаласында тұрып республикалық радио,телевидениге және республикалық ақпараттардағы ізнілікті құаламгерлігін бағалап Арқалық қаласының қрметті азаматы атағын жазушының 80 жылдық мерей тойына орай берсе артық емес.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға