Жаңалықтар

“Отырып қалған”. Актриса Салтанат Серкебаева күйеуге шығуға ешқашан кеш емесін айтты

“Отырып қалған”. Актриса Салтанат Серкебаева күйеуге шығуға ешқашан кеш емесін айтты
Фото: instagram.com/serkebayevasaltanat 03.11.2023 15:37 1702

Актриса Салтанат Серкебаева отырып қалған қыздар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанда қыздар қай жаста тұрмысқа шыққаны дұрыс? Қоғамда осы сұрақ төңірегінде талқылаулар жиі болады. Көбінесе, қыздар 25 жасқа дейін ана атанғаны дұрыс деп есептейді. 

Неге 33 жас отырып қалған болып есептеледі? Корея мен Еуропада бұл жаста өмір енді басталады, - дейді актриса Салтанат Серкебаева.

Ал блогер Сымбат Касимова қыздарды "Қашан тұрмысқа шығасың" деген сұрақ әбден мезі қылады.

Ал бізде қазақтарда 25-тен асып кетсең, “Қашан байға тиесің?” деп шығады. Мен 23 жасымда шығып кеттім де маған айтып үлгермей қалды. Ерте шыққаныма тек бір рет өкіндім. Бала туған соң, үйде отырған кезде елдің бәрі дамып, сен ғана үйде отырғандай күй кешесің, - дейді блогер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға