Жаңалықтар

Отырар ауданында тұрғындар көшедегі жол сапасына наразы

Аудан әкімдігіне шағым түсірді
Отырар ауданында тұрғындар көшедегі жол сапасына наразы
Фото: El.kz 26.01.2023 13:44 1613

Сұмдық-ай! Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында Батырбек Айтбенов көшесі бар. Бар-жоғы ұзындығы  500 метр шықпайды-ау. Осы көшенің жартысы Шәуілдір Ауыл Округіне, жартысы Арыс ауыл округіне қарайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ойпырмай-ай, Отырарда адам алалау жоқ, көше алалау бар ма?...  Бас-аяғы 1 шақырым шықпайтын қысқа көшенің жартысын асфальттап, жартысын тас төсеп кеткені тұрғындардың тас-талқан ашуын келтіріп отыр. Қарашаңырақта тұратын үй жақтың көршілері аудан әкімі Сакен Сұлтанхановтан көмек сұрап жатыр.

"Отырар Ауданының Әкімдігі аппаратына арыз жазыпты. Көшені бөлуге болса да, адамды алалауға болмайтынын аудандық ЖКХ білмей ме? Шәуілдір Ауыл Округі мен Арыс ауыл округі екеу болса да, аудан біреу, көше біреу, елге теңдей жағдай жасамайды ма?" -дейді тұрғындар.

Қоғамдық Даму Басқармасы мен Түркістан Облысы Қоғамдық Келісім мекемесі ел ішінде қоғамдық келісім орнатамыз деп жүргенде, Отырар Ішкі Саясат Бөлімі елді іштен ірітпеуге әрекет ету керек шығар.  

Отырар ауданында тұрғындар көшедегі жол сапасына наразы

Біздің балалық шағымыз өткен сол тас көше, бәз-баяғы “тас дәуіріндегідей” тұр. Тұрғындар арызын аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов өз бақылауына алады деп сенеміз! 2023 жылдың жоспарына енгізсе деген елдің өтініш-тілегі “Аmanat” партиясына да аманат!

Ерсұлтан Әмірбек

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға