Жаңалықтар

Өткен жылы 8600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған

Өткен жылы 8600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған
Фото: gov.kz 14.02.2023 16:50 1447

Өткен жылдың мамыр айынан бастап елорданың Полиция департаментінде «Құқық» Қоғамдық қорының жанында «Шанс» кәмелетке толмаған адамдарға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бойынша Пилоттық жобана іске асыруға кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақтарда профилактикалық іс-шараны күшейту мақсатында қылмыстарды болдырмау көзделді. Оның ішінде 2023 жылдың 1 ақпанынан 15 наурыз аралығында ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ІІО-ның күштері мен құралдарын тарта отырып, «Қоғамдық қауіпсіздік» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

2022 жылдың өткен кезеңінде 3100-ден астам тексеру өткізілді. Оның ішінде қараусыз қалған үйлер мен саяжайлар тексерілді. 8600-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ішімдік тұтыну немесе мас күйінде болу бойынша 785 құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды.

Алкоголь өнімдерін өткізу бойынша ҚР заңнамасын бұзудың 50-ге жуық фактісі анықталды. 5668 есеп беретін контингент тексерілді. ПД-ның қабылдау бөліміне 125 адам, алкогольдық масаю күйіндегі 612 адам уақытша бейімдеу және детоксикация (сауықтандыру пункті) орталығына орналастырылды.

2022 жылы адам өлтірудің 27 фактісі, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрудің 143 фактісі белгілі болды. Осы санаттағы барлық қылмыс ашылып, кінәлі адамдар анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға