Жаңалықтар

Өткен жылы 17 тарихи ескерткіш қалпына келтірілді

Өткен жылы 17 тарихи ескерткіш қалпына келтірілді
Фото: culttourism.ru 09.03.2023 10:16 1425

Өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстанның 17 маңызды, тарихи және мәдени ескерткіші қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл тізімде Әзірет-Сұлтан қорық-музейі аумағындағы ескерткіштер, Отырар қалашығының учаскелері, Жаркент мешіті, Ботай қонысы, Бөкей Ордасындағы хан сарайы, Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі, Бекет-ата жерасты мешіті, Сауран археологиялық кешені, Таңбалы петроглифтері, Жетіасар оазисінің Алтынасар ескерткіші, Испиджаб қалашығының нысандары, Абылай хан резиденциясы, Тараз қалашығы және Г.Колпаковский атындағы училище бар.

Осылайша, 2022 жылы жалпы саны 31 тарихи-мәдени мұра нысаны қалпына келтірілді.

Хронологиялық  тұрғыдан қалпына келтірілген нысандар қола дәуірінен XIX ғасырдың аяғына дейінгі кезеңді қамтиды.

«Қазақстанның маңызды тарихи ескерткіштерін сақтау бойынша қажетті жұмыстар жүріп жатыр және бұл іске тәжірибелі мамандар тартылған. Мысалы, Жетіасар-3 қалашығында ескі қабырғаларды нығайту және ежелгі қалдықтар негізінде жаңа ғимараттар тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ескерткіштерді ЮНЕСКО тізіміне қосу үшін қажет. Сондай-ақ, өткен жылы шетелдік ғалымдардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп, онда тарихи нысандарды қалпына келтіру әдістері мен технологиялары талқыланды», - деді ҚР МСМ Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға