Өткен тәулікте төтеншеліктер 11 балықшыны құтқарды

10 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде он бір балықшы құтқарылды. ТЖМ мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына қарамастан мұз астында балық аулауды ұнататындар су қоймаларына шығып, олар мінген көлік қарлы боранда жолда кептеліп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші жағдай Қарағанды облысы Теміртау қаласының маңындағы Самарқанд су қоймасында болған. Онда бір жеңіл автокөлікте екі ер адам жолда қалып қойған.
Екіншісі Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылы маңындағы Вячеслав су қоймасында болған. Онда үш балық аулау әуесқойлары мінген көлік қозғалысты жалғастыра алмаған.
Үшіншісі Ақмола облысы Ерейментау ауданының Малтабар ауылының қасындағы Солдатское көлінде болған. Онда 4 көліктегі 6 балықшы да қар құрсауында қалыпты.
Барлығы 11 адам эвакуацияланып, жақын маңдағы елдімекендерге жоғары өту техникасымен жеткізілген.
