Өткен тәулікте елімізде 36 адамнан коронавирус анықталды
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
21.10.2022 09:27
1604
Елімізде өткен тәулікте 36 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды El.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 978 адам коронавирус инфекциясынан (–828+ және 150 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 108 пациент стационарда, 870 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 3 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Әлемдегі ахуалға тоқталар болсақ, бір тәулікте Бразилияда 5096, Мексикада 2226, Колумбияда 610 жағдай тіркелген. Бұл коронавирус індетінің әлі де басылмай тұрғандығын көрсетеді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті