Өткен тәулікте 38 адамнан коронавирус анықталды
689 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда
Фото: isroe.co.il
Фото: isroe.co.il
21.11.2022 09:02
1812
Өткен тәулікте елімізде 38 адамнан коронавиус анықталып, 2 аталмыш дерттен жазылып кетті, деп хабарлайды El.kz ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Каналдағы мәліметтерге қарағанда, 21 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 801 адам коронавирус инфекциясынан (–627+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 112 пациент стационарда, 689 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та атыс салдарынан бес адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды