Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус анықталды

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
06.01.2023 09:12
1219
Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус анықталып, 8 адам аталмыш дерттен сауығып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне қызметіне сілтеме жасап.
6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 589 адам коронавирус инфекциясынан (–2 410+ және 179 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 283 пациент стационарда, 2 306 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 12 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Бөлісу:
