Жаңалықтар

Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізіліп, 102 заң қабылданды - Президент

Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізіліп,  102 заң қабылданды - Президент
Фото: Ақорда 02.09.2024 11:08 350

Мемлекет басшысы кезекті сессияның ашылуымен құттықтап, ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтерге табыс тіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатайды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды, - деді  Тоқаев.

Президент қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екенін атап өтті.

Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды. Сіздер бұл жұмыспен тікелей айналысып, халықпен әрдайым тығыз байланыста болдыңыздар. Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз. Табанды еңбектеріңіз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Әлі де атқаратын шаруа көп, - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға