«Өте қиын болып жатыр»: Елдос Сметов Лондондағы өмірі туралы айтты

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
30.03.2025 14:11
13451
Олимпиада чемпионы, әйгілі қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов ағылшын тілін үйреніп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Лондонда өткен ауызашар шарасында спортшы журналист Ғалымжан Қараманұлымен кездесіп, Ұлыбританияға арнайы тіл үйрену үшін келгенін айтты. Елдос ағылшын тілін меңгеру оңай болмай жатқанын жасырмады.
Алла ағылшын тілінде еркін сөйлеуге нәсіп етсін – осында келуімнің басты себебі де осы. Барынша тырысып жатырмыз, бірақ өте қиын болып жатыр. Дегенмен, тырысып бағудамыз, – деп бөлісті Елдос Сметов.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Қазгидромет» Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Келесі жаңалық
Онлайн қызмет дамиды. Елімізде ХҚКО-лар жабыла ма?