Жаңалықтар

«Өте өкінішті». Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек мәлімдеме жасады

«Өте өкінішті». Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек мәлімдеме жасады
Фото: видеодан алынған кадр 20.09.2024 10:15 12201

Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол анасы қайтыс болған соң басқа елге көшуге бел буған.

Мен басқа қалаға көшіп, жаңа орынға орналастым! Қазір Қазақстанда емеспін... Өте өкінішті, өйткені сіздерге айтарым көп еді. Осы айдың басында мен Испаниядағы аралдан материк жағына көштім! Енді жыл бойы жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Мен атқа міну бойынша экскурсовод ретінде жұмысқа өтініш бердім. Бойымда қазақтың қаны бар ғой, өйткені... Бірнеше күннен кейін сіздерге айтар жақсы жаңалық болар деп үміттенемін. Мен үшін дұға етіңіздер. Мен де өздеріңіздей, саяхаттауды жақсы көретін адаммын. Сондықтан мен келесі 3 аптада Латын Америкасынан өтемін, - деп жазды ол.

Еске салайық, Жәнібек жақында елге оралуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға