Жаңалықтар

«Отбасыммен хайп жасайтын адам емеспін»: Жахан Отарғалиев ажырасуына қатысты пікір білдірді

«Отбасыммен хайп жасайтын адам емеспін»: Жахан Отарғалиев ажырасуына қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev 11.09.2023 13:06 2531

Отандық актер әрі продюсер Жахан Отарғалиев «OZMZғой» бағдарламасының қонағы болып, өзінің бұрынғы әйелі – «КешYOU» тобының экс-солисі Балжан Бидашпен ажырасу себебін ашып айтқысы келмейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Жүргізушілер Жаханнан екеуінің ажырасуы, оқырмандар айтып жүргендей, «хайп па?» деп сұрады.

Оқи отырыңыз:

Қанша жерден қиналсам да, отбасыммен хайп жасайтын адам емеспін. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Аллаға шүкір, жақсы өмір сүрдік, жұрт та солай қабылдады. Ал қазір екеуміздің арамызда болып жатқан кикілжіңге ешкімнің қатысы жоқ, екеуміздің ғана арамыздағы дүние және ол өз арамызда қалуы керек деп ойлаймын, - деді актер.

Сонымен қатар Жахан көрерменінен Бидаш екеуі үшін дұға тілеуді сұрады.

Тағы бір айта кетерлігі, «екі жастың арасына есі кеткен түседі» және екеудің ажырасуын ең жақсы көретін – шайтан. Сондықтан бізді жақсы көрсеңіздер, құрметтесеңіздер, біздің бірге болуымыз үшін дұға тілеп, жақсы тілек айтсаңыздар, оның қабыл болуы әбден мүмкін, - деді ол.

Бұған дейін Балжан Бидаш оқырманын толғандырған сауалға жауап беріп, Жаханмен екеуі екі бөлек кеткенін растаған болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға