Жаңалықтар

«Отбасы банк» екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарылады

«Отбасы банк» екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарылады
Фото: yandex.maps 22.11.2023 10:38 1063

Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сәйкесінше «Отбасы банк» банктік және басқа да операцияларды тиісті лицензиясыз жүзеге асыратын болады.

Бұл ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі және Ұлттық банк «Отбасы банкіне» қатысты мынадай қадағалау функцияларын сақтайды:

- қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтарын қорғау;
- валюталық реттеу және бақылау, қаржылық және өзге де есептілікті алу;
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
- ақша-кредит статистикасын және қаржы нарығының статистикасын қалыптастыру үшін есептілік деректерін жинау;
- бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және тағы басқа.

«Отбасы банкін» екінші деңгейдегі банктер жүйесінен шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығаруға әкеледі. Осыған байланысты «Отбасы банкінде» орналастырылған азаматтардың салымдарына мемлекетпен кепілдік беру ұсынылып отыр. Үкімет айқындайтын мөлшерде және тәртіпте «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ға ұқсас, - деді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Министр ұлттық валютадағы тұрғын үй-құрылыс жинақтары депозиттері бойынша 20 млн теңгеден артық емес екенін айта кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға