Отандық журнал Тәжікстанның ғылыми басылымдар тізіміне енгізілді

Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия Президиумы «Қазақстан археологиясы» журналын елдің ресми ғылыми басылымдар тізіміне енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты шығаратын журнал Қазақстан мен Орталық Азияның археологиясы, тарихы және мәдени мұрасының өзекті мәселелеріне қатысты жетекші ғалымдардың материалдары жарияланады.
Журналдың Тәжікстанның ғылыми басылымдар тізіміне енуі ғылыми ынтымақтастықтың географиясын кеңейтіп, қазақстандық зерттеулердің шетелдік әріптестерге қолжетімділігін арттырады. Бұған дейін журнал Қазақстанның ғылыми басылымдар тізіміне және Scopus сияқты халықаралық дерекқорларға енгізілген болатын. Жаңа мәртебе басылымның ғылыми ықпалы мен дәйексөз келтіру көрсеткішінің өсуіне ықпал етеді, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар бұл – Қазақстан мен Тәжікстанның археологиялық қауымдастықтары арасындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам.
