Отандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
31.08.2023 19:28
993
Каспий теңізінде жүк тасымалын дамыту мәселесіне тоқталатын болсақ, қазақстандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайғандығын айта кеткен орынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша 2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданатын жүк айналымының өсімі 12%-ды құрады. Айта кетерлігі, Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өсім 80 пайызға жетіп отыр. Оның ішінде, мұнайды ауыстырып тиеу бойынша ең жоғары өсім – 53%, сондай-ақ пароммен тасымалдау – 12%.
Биыл қыркүйек айында Abu Dhabi Ports Group қатысуымен қазақстандық Semurg Invest компаниясы салған Құрық портындағы жаңа терминалдан астықтың бірінші партиясын жөнелту жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда 3 млн тонна көкөніс пен бақша өнімдері жиналды