Отандық спортшы конькимен жүгіруден төрт құрлықтың жеңімпазы атанды
Қазақстан командасының қоржынында үш медаль бар
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
05.12.2022 23:17
1459
Надежда Морозова Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Надежда Морозова 1500 метр қашықтықта бірінші болды. Екатерина Айдова бағдарламаның осы түрінде екінші орынды иеленді. Дмитрий Морозов 1500 метрге жүгіруде екінші нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, бұған дейін Виталий Щиголев алтын (5000 метр), ал Надежда Морозова күміс (3000 метр) еншілеген болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазгидромет: Алдағы 3 тәулікте аяз болады