Жаңалықтар

Отандық өнімді өткізу нарығын кеңейту қажет – Олжас Бектенов

Отандық өнімді өткізу нарығын кеңейту қажет – Олжас Бектенов
Фото: Ukimet 21.05.2024 10:35 659

Үкімет басшысы Олжас Бектенов отандық өндірушілер мен экспорттаушыларға белсенді қолдау көрсету керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Қазақстан Орталық Азия елдеріне азық-түлік өнімдерін табысты экспорттап отырғанын жеткізді.

Металлургия өндірісінің тауарларын таяу көршілерімізге, Еуропаға да, басқа елдерге де жібереміз. Отандық өнімді өткізу нарығын кеңейту қажет. Ол үшін шетелге экспортты барынша тиімді ұсына білуіміз керек. Осы мәселеге байланысты кейбір серіктес елдерге сауда өкілдері жіберілуде. Алайда бұл жұмыс баяу жүргізіліп жатыр. Оны барынша күшейту қажет, – деді ол.

Сонымен қатар сауда, сыртқы істер және қаржы министрліктеріне шілдеге дейін Бейжіңге сауда өкілдерін жіберу  және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында сауда өкілдігін ашуға толық әзірлікті қамтамасыз ету туралы тапсырма жүктеді.

Орташа және жоғары деңгейде өңделген тауарлар экспортын қолдауға баса назар аудару қажет. Ол үшін экспортты қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларын күшейтудің, инновацияларды ынталандыру мен өндірістерді кеңейтудің маңызы зор, – деді Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға