Жаңалықтар

Отандық мультфильмдердің қатарын арттыру керек – мәжілісмен

Отандық мультфильмдердің қатарын арттыру керек – мәжілісмен
Фото: parlam.kz 31.05.2023 11:54 811

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай балаларға арналған отандық мультфильмдердің қатарын арттыруды ұсынды. Бұл туралы ол Мәжіліс отырысында жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, балаларға арналған контент өндірісін дамыту міндеті тек «Балапан» арнасына ғана жүктеліп отыр. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының аумағында 25 мультканал көрсетілсе, оның 24-і шетелдік.

«Балапан» арнасының контенті 3 жастан 10 жасқа дейін, оның ішінде 3 жасқа дейінгі жас бүлдіршіндер қалып жатыр, сол жас жеткіншектерге жеңіл әрі түсінікті болатындай қазақ тілді анимациялық мультфильмдер көбірек түсіріліп, YouTube желісіне салынса, - деді мәжілісмен.

Сонымен қатар отандық аниматорларға қолдау көрсету де маңызды екенін айтты.

Аниматор Ғали Мырзашев қазіргі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм», кезіндегі «Союзмультфильм» киностудиялары сияқты Әмен Хайдардың атымен «Қазақмультфильмін» жасау керек, сонымен қатар «Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы» сияқты «Балалар анимациялық фильмін қолдау қоры» болғаны абзал, - деп ұсыныс білдірді Наурыз Сайлаубай.

Мультфильм киноға бөлінетін қаражаттың тасасында қалып қойып отыр, яғни мемлекеттен бөлінетін қаражаттың 80 пайызы ересектерге арналған кино еншісінде кетіп, балалар анимациялық фильміне бөлінетін қаражат халықаралық стандарттарға сай келмейтінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға