Жаңалықтар

Отандық фильмде фильтр жоқ - киносыншы

Резонанс тудырған туындылар жайлы... Қазақ көрерменінің талғамы төмендеп кеткен
Отандық фильмде фильтр жоқ - киносыншы
Фото: biz.censor 30.01.2023 19:00 2869

Кино – идеологиялық құрал. Ол тек өнер ғана емес, сонымен қатар бизнес: егер фильмдерден қайтарым болмаса, онда ешқандай даму болмайды. Ал жоғары сапалы фильм түсіру үшін тиісті қаржыландыру қажет. Отандық сериалдар бүгінде танымалдылықтың жаңа толқынын бастан кешуде. Дегенмен бүгінгі қазақ киноиндустриясы тек бизнес бағытына ғана ауып кеткен тәрізді.

"Қазақфильм" киностудиясының көптеген картиналары көрерменге жетпейді. Мемлекеттің тапсырысы бойынша түсірілген отандық фильмдер кинофестивальдерге арналған сияқты. Қазір көрермендердің барлығы дерлік сыншыл болып кеткен. Көбісі киносыншы маманы бар екенінде білмейді. Негізінен фильмге бармас бұрын киносыншылардың пікірін қарауды әдетке айналдыруы қажет.

Дана Әмірбекова отандық киносыншылармен кино мамандықтарының ерекшеліктері, сайттардың өркендеу дәуіріндегі қиындықтар мен қазақстандық киносыншының бастан кешіп отырған проблемаларымен бөлісті. Режиссер туындысына киносыншылар қауымдастығы қалай баға беретіндігі туралы пікірін білдірді.

- Кинотеатр афишаларынан апта сайын жаңа бір отандық кино туындысын көреміз. Бірақ соңғы фильмдерге берген көрермен бағасы көңіл қуантарлық емес. Қазақстандық киноиндустрия ахуалы қандай?

- Бүгінде отандық кино қазақстандық көрерменнен оң пікір ала бастады. Тіпті шет елдерде де танылып, ауқымды масштабқа енуде. Шынымен де қазір әрбір көрермен өзін сыншы ретінде қалыптастырып алған. Алайда оның шын мәнісін түсіне бермейді.

Бірінші кино және телехикаяның ара жігін ажыратып алу керекпіз. Киноға біз көркемдік деңгейіне, мағынасына, тереңдігіне, режиссер ойының ұшқырлығына баға береміз. Ал телехикаяның мақсаты мүлдем бөлек. Біріншіден оған бөлінген қаражат аз болады да, оның мақсаты сюжет қуу арқылы белгілі бір оқиғалар желісі арқылы көрермен ұстап отыру. Сериалда ең бастысы инрига болуы керек. Ал кинода көркемдік сапа маңызды.  Әрине, осыдан он жыл бұрын түсірілген теленовеллаларға қарағанда сапа әлдеқайда көтерілді. Бірақ әлі күнге дейін Батыстың Европаның ұсынатын тележобаларына жетпейді.

- Қазір телеарналардағы сериалдардан қарағанда ютуб белең алып тұр. Кез келген видео жүктеуге болатын бұл желіге жүктелген минисериалдар үлкен резонанстар тудыруда. Боғауыз сөздің түрлісін естуге болады...

- Ютубтағы веб сериалдар өте қажет дүние. Бұл уақыттың талабымен келген нәрсе. Шын мәнінде сапасы күмән тудырады. Олар көрерменді шок тудыру арқылы ұстап отыруға тырысады. Боғауыз сөз айту, наркомания жайлы тақырып көтеру немесе әйелді ұрып соғу сияқты. Әзірше жоспарлары іске асып көрермен санын арттырып отыр. Бірақ мұндай жобалар уақытша ғана. Себебі көрерменге уақыт келе сапалы мәнді туындылар қажет бола бастайды.

- Фильм арқылы адам санасын билеуге болады. Айтып отырған сапасыз кинолар жастарды әдеп бен иманнан қашықтатпайды ма?

- Қазіргі жастар алға даму мен болашаққа деген сеніммен қарайды. Көрерменнің өзіндік сын бергенінің өзі белгілі бір деңгейді көрсетеді. Кинотетатр – демалыс орны. Халық комедияны жақсы көреді. Бүгінгі қоғамның әлеуметтік, мемлекеттің саясат жағдайына қарасақ онсызда түнеріп кеткен заманда адамдар қайғылы сюжетті көргісі келмейді. Экран қазір аттракционға айналды. Жанрлық фильмдер бір сәт болса да, қайғысын ұмыттырып, ол фильмдер тез ұмытылады. Ал авторлық киноны екінің бірі көре алмайды. Ол үшін жан жақты біліміңіз терең болуы керек. Режиссермен бір деңгейде ойлай білу көрек. Ал біздің көрермендер ондай терең мағыналы сюжетті қабылдай алмайды. Сондықтанда әзірше осындай бағыттағы кинолар кезеңін бастан өткізуіміз қажет.

- Жанрлық, авторлық деп атап кеттіңіз. Олардың айырмашылығы неде?

- Қазақстанда киноның екі бағыты бар - мейнстрим және артхаус. Мейнстрим коммерциялық туындылар, ал артхаус авторлық туындылар. Коммерциялық кинолар қаржы табу үшін түсірілсе, ал авторлар киноны өнер ретінде қарастырады. Адамбаев, Алагузова, Қоянбаев сынды алдыңғы қатарда келе жатқан тұлғалардың фильмдері голливудтың таптаурын сюжеттеріне құрылған, солардың шаблондары бойынша түсіреді. Ондай фильмді түсіру қиын емес. Дайын формулаға оқиға желісін, кейіпкерлерді саласыз да, драматургия заңдылықтары бойынша фильмді түсіресіз. Ал авторлық дүниені түсіру үшін белгілі бір киноматографиялық деңгей, білім керек. Ондай туындыда режисер кино тілінің жаңаша бір амал әдістерін іздестіру арқылы жаңа ой айтқысы келеді.

- Комедияның да орны болмақ керек. Ең үлкен талқылауға түскен «Бизнес по-казахский в Индий» киносында алар да, езу тартып күлер де дүние жоқ деген баға берілді. Киносыншы ретінде пікіріңіз...

- Қазақ көрерменінің талғамы Батыс көрермендерінен қарағанда өтетөмен. Ол жақта киноны өнер ретінде қарастырады, киноға арналған ғылыми журналдар да бар. Сұраныс қандай болса, тауар да сондай болады. Бізде кино көру мәдениеті өкінішке орай жоқ. Аталмыш фильмде коммерциялық, ақша табу үшін түсірілген кинолардың бірегейі.

Негізнен сыншы міндеті жаман жағын табу емес, объективті баға беру. Көрген туындыны ой елегінен өткізіп, соған шынайы пікір, әділ баға беру керек. Барлығына ортақ қоғамдық туынды болғасын, субьективті пікір қосылмайды. Мысалға блогерлер субъективті пікірін ғана білдіріп жатыр. Ол өзінің қабылдау деңгейімен ғана баға бере алады. Себебі олар тарихи, теориялық тұрғыда қарастырып, талдау жасамайды. Сыншы болса шығарманың деңгейіне ғана баға береді. Сондықтан, біздің қоғамға киносыншыларды тыңдауды да қалыптастыру қажет.

 - Сұхбатыңызға рахмет.

Қорытындылай келе, Дана ханым халықтың сұранысын кеңейту қажет деген пікір айтты. Басты рөлдерде танымал тұлғаларды ғана көруімізде сондықтан екен. Яғни халық «жертва маркетолога» болып барады. Қаншама жастар актер мамандығында білім алуда, оларды халық қана қолдай алады. Сондықтан өз басым кинокритиктерді ұсынысы бойынша ғана фильмдер көру керек деген ой түйдім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға