Отандық биатлоншылар Азия ойындарында алтын және күміс медаль жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
11.02.2025 11:05
657
Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Харбиндегі (Қытай) жарыстың спринт сайысында төрт қазақстандық спортшы бақ сынады. Нәтижесінде Владислав Киреев алтын медаль жеңіп алды. Одан кейін Вадим Куралес мәре сызығын кесіп, күміс жүлдеге ие болды. Айта кетейік, ол биылғы маусымда ғана негізгі құрамда өнер көрсете бастады.
Үшінші орынды қытайлық Гу Цан иеленді.
Ал Әсет Дүйсенов алтыншы, Александр Мухин жетінші орынға тұрақтады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Фермерлер жеңілдікпен несие алады
Келесі жаңалық
БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда