Жаңалықтар

Отандық әуекомпания паркі жаңа ұшақпен толықты

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті
Отандық әуекомпания паркі жаңа ұшақпен толықты
Фото: scat.kz 12.12.2022 17:21 1009

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша әуе кемелер паркін ұлғайту және қазақстандық әуекомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен, "SCAT" әуекомпаниясының әуе кемелер паркі сыйымдылығы 213 орындық "Б737 МАХ 9" моделінің алтыншы "Боинг" ұшағымен толықты. Бұл әуе кемесі әуекомпанияның флотын 32 бірлікке дейін, оның ішінде 25 "Боинг" моделіне дейін ұлғайтады.

Биыл әуекомпания сыйымдылығы тиісінше 174-тен (оның ішінде 12 бизнес-класс орындары) 189 орынға дейін 4 «Боинг-737» ұшағын алып, іске қосты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап бұл борт алынған 9-шы әуе кемесі болып табылады және 2023 жылдың ақпан айының соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар тағы 5 ұшақ алады деп күтілуде, осылайша қазақстандық әуе компаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20%-ға артады, бұл да ұшуларды уақтылы орындауға оң әсер етеді.

Қазақстандық әуекомпаниялардың әуе кемелер паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға