Жаңалықтар

Отандық телеөнімдердің шығармашылық табиғаты

Бүгінде күн сайын көгілдір экран арқылы бірнеше ток-шоу жанрындағы бағдарламалар көрерменге ұсынылады
Отандық телеөнімдердің шығармашылық табиғаты
22.09.2017 12:32 2797

Телевизиялық фельетон сатиралық жанрлар тобын топтау, өзіндік айқындаушы бірегейлік белгілерін, шығарманың композициялық құрылымын түзетін шығармашылық елестету әрі көркем-айқындаушы құралдарды таңдау еркіндігіне ие. Газет фельетонымен салыстырғанда, телевизиялық фельетонның тиімділігі оньщ оқиғадағы дерекгі үлдірік әлде сурет арқылы көрсетуіңде еді.

Зертгеушілер тарапынан еліміздегі және шетелдегі «Реалити» телебағдарламасының бүгінде көрермендерін кері бағытқа алып бара жатқаны сөз болып жүр. Себебі, мораль мен адамгершілік нормасы қалыптасқан коммуникативтік функция алдыңғы орында болуы тиіс. Сондықтан жас ұрпақ бейәдепті болып табылатын көріністердің аудитория үшін қажетгілігі жоқ. Акдараттық кеңістікке теледидар беймелі-таңбалық кодты кіргізген уақьггта, бұған аса мән беріледі. Егер осы код көңіл-күйді жаулау болса, онда оның қоғамға әсер етер күші мол. Телебағдарламаны жасаушылар оның болашақтағы зиянынан да, бүгіні қызықтылығы мәңдірек болып табылуда. Студия қоғам мен ақпарат әлемі арасындағы коммуникатор рөлін атқарады. Сондықтан коммуникатордьщ міндеті қоғамға сапалы, жаңа бағыттағы білім беру болып табылады.

Жалпы, ток-шоудың телекөпір, телепікірталас, әңгімелесу, пікір алмасу сияқты бірнеше түрі бар. Отандық телеарналар ток-шоу жанрының әрқилы түрін меңгеруде. Бір жылдары «31 арна» Берік Уәлидің «Дода» ток-шоуын қалың көрерменге ұсынды. «Доданың» алаңында саяси һәм әлеуметтік мәселелер жан-жақты сарапқа салынып, талқыға түскен болатын. Одан соң, «Қазақстан» телеарнасынан «Ой-көкпар» ток-шоуы көрсетілді. Қоғамның сан қилы мәселесі елге танымал азаматтармен бірге талқыланды. Қос бағдарламада да екіжақты маманның ойы пікірталас арқылы өрбитін. 2011 жылы Нұртілеу Иманғалиұлы «Көршілер» бағдарламасын жарыққа шығарды. «Көршілердің» көптің көкейінен шыққаны жасырын емес. Байқасақ, үш бірдей бағдарламаның көрерменнің жүрегінен ойып тұрып орын алуына, тележүргізушілердің септігі тиді. Берік Уәли, Серік Жанболат, Нұртілеу Иманғалиұлының бойынан жоғарыда атап өткен ток-шоу жүргізушілеріне тән қасиеттер оңай аңғарылатын.

Бүгінде күн сайын көгілдір экран арқылы бірнеше ток-шоу жанрындағы бағдарламалар көрерменге ұсынылады. Мәселен, «КТК» телеарнасы биылғы маусымда «Наша правда» ток-шоуы берілсе, «Қазақстан» телеарнасында «Алаң» бағарламасы көрсетіледі.

«КТК» телеарнасы да көрерменге тың жоба ұсынды. «Наша правда» бүгінгі қоғамның ащы шындығын айтатын тележоба. Алексей Шахматовтың жаңа жобасы шын мәнінде ресейлік «Пусть говорят» бағдарламасынан кем түспейді. Бірақ ток-шоу жүргізуші Алексей Шахматов бағдарлама барысында біржақты пікірді ұстанатындай. Мәселен, осыдан бірер ай бұрын «Наша правда» көп әйел алу мәселесін қаузаған болатын. Студияға екі әйел алған қазақ азаматы да келді. Алайда бағдарлама барысында әр тараптың пікірін тыңдаудың орнына, көрермендер де, студия қонақтары да, қала берді бағдарлама жүргізушісі де қазақ азаматын айыптаудан танған жоқ. «Наша правда» ток-шоу жанрының пікірталасқа құрылған нұсқасы.

Қазақ телевизиясында қоғамдық мәселелерді кеңінен талқылайтын ток-шоулар жетерлік. Бірақ неге екені белгісіз, бәрі бірдей көрерменнің жүрегіне жол таба алмайды. Бір қуантарлығы, отандық телеарналардағы ток-шоуларда дәл ресейлік ток-шоулардағыдай қойылым мен өтірік жоқ.

Қазақстан ұлттық арнасы ток-шоу пішінінде көптеп бағдарламаларды ұсынып келеді. Арнадағы жаңалық деп те осыны айтуға болады. «Айтуға оңай» ток-шоуы бүгінгі таңдағы ең танымал, рейтингі бойынша алда келе жатқан отандық бағдарлама болып табылады.  Жүргізушісі Бейсен Құранбек, эфирге дүйсенбі – жұма аралығында сағат  21:05 трансляцияланады. Ұзақтығы: 40 минут. Әлеуметті толғандырған мәселелер, ұлттық проблемалар талқыға салынатын «Айтуға оңайымен» Алашқа танылған Бейсенді бүгінде білмейтін адам кемде-кем. Ол – қазақ телевизиясындағы ток-шоу жанрын жаңа деңгейге көтеріп, өзіндік қолтаңбасын қалдырған қарымды журналист. Ал Бейсен Құранбек секілді мамандыққа адалдық танытып, халық жүрегінің төрінен орын алу айтуға ғана оңай.

Осы бағдарламаны жүргізу барысы жайлы 28 Маусым 2014 жылы «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Фархат Әміреге бірген сұхбатында ол: «Біздегі қай бағдарламада студия қонақтары еркін отырып әңгімелесетін еді?! Нақты жауап қатуға қиналасыз. Ал қазір көпшілік «Айтуға оңайдан» кейін «Қазақтар да өз ойын ашық айта алады екен ғой», – деп таңғалатын болды. Біз қандастарымыздың да ашық әңгіме өрбітіп, өз ойын еркін жеткізе алатынын дәлелдедік. Бірақ оның өзіндік құпиясы бар. Ол – адамдардың шамына тию. Өйтпесең, ашық әңгіме болмайды. Мен адамдардың жанды жерін дөп басуға тырысамын және соны нысанаға алып, сөзбен қажап, амалсыз сөйлетемін. Әйтпесе сіз, біз деп сызылып отырсақ, ел сүйсініп көретін дүние де тумайды. Біз осы жағына мән бердік. Нәтиже жаман емес. Біріншіден, бағдарламаның рейтингісі жоғары. Екіншіден, ашық әңгіменің арқасында көрермендерді ұстап отырмыз. Бүгінде «Айтуға оңайдың» бірде-бір санын жібермей тамашалайтындар бар. Демек, біз кейіпкерлерді сөйлете алдық. Көпшілікті қызықтыра білдік. Жалпы, ток-шоу бүгінде халыққа өтімді жанр. Сондықтан отандық телеарналар осыған ерекше көңіл бөлуде. Бұл, қуанарлық жағдай, әрине. Айтпақшы, көпшілік мынаны есте сақтап алса жақсы болар еді: Телевидение - жалғыз адамның жұмысы емес. «Айтуға оңайды» жалғыз Бейсен Құранбек шығарып жатқан жоқ. Бұл – үлкен ұжымдық жұмыс. Біз көрермен үшін, соларға пайдалы нәрсе берейік, көмекке мұқтаждарға жәрдемдесейік, жақсылыққа себепші болайық деп күн-түн демей, уақытпен санаспай еңбек етеміз.» деп айтқан болатын.

Ток-шоу  ток-думан ретінде  яғни ойын-сауық пішінін де берілtОған Ұлттық арнадағы «Ұлттық Шоу» шоуы дәлел бола алады. «Ұлттық шоу» – әзіл-қалжың, арнайы қойылған нөмірлер  қосылған эстрадалық ойын-сауық шоуы. Шоуға Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт, театр және кино қайраткерлері қатысады. Бағдарламада отандық жұлдыздар өздерінің үздік, жаңа әндерін  көрерменге  әсерлі және әдемі билерімен ұсынады.Бағдарлама жас орындаушыларға үлкен мүмкіндік беріп, өз қауқарын үлкен сахнада байқауға жол ашады. «Ұлттық шоу» тек белгілі әншілерді насихаттап қоймай, жас әншілердің жұлдызын жағады. Аталмыш шоуға сарындас «Хабар» телеканалында да жобалар кездеседі. Оған айқын мысал, сенбі күні эфирден берілетін «Бенефиз Шоу» ток-шоуы.

Хабар жүргізушісі бағдарламаға көрермендердің өздерін қатыстыра отырып, эфирде олардын пікірлерін салыстырмалы түрде беріп отырады. Интерактивті байланыстың тиімділігі, радионың жауапты басшысының айтқан уәжі мен аудитория көзқарасы бір арнада тоғыса ма, әрі республиканың 85 жылдық бай тарихы бар радиосының тәуелсіздік кезіндегі өзге де сан саладағы арналар арасындағы қарымдылығы қандай деген мәселеге көз жеткізу. Телеарналарда осы сыпаттағы телехабарлар көбейілп жатса, студия мен аудитория арасы жақсара түсіп, көрерменнің маңызда проблемалар төңіреғіндегі ойларын ашық әрі бүкпесіз айтуына мол мүмкіндік туар еді. Хабарды тікелей тарату — эфирде көтерілген маңызды меселеге телекөрермендердің қатысу әсерін туындатып, көпшіліктің теледидар бағдарламасына деген психологиялық ахуалын орнықтырды.

«Тікелей» хабарда репортаж бен сүхбат жанры бірлікте үйлесім тауып, телешығарылымды аудиторияға жақындата түсті. Жаңалықтар бюллетеніндегі сюжетпен үйлесімін тапқан сұхбат пен репортаж көметімен теледидар өзінің ақпараттық қызметінде жетекші орынды иеленді. Алайда, тележурналисгер “тікелей” хабарда көркем бейнені жасау кезінде экранның бейнелеу құралдарымен тұтастықта жұмыс істей алмады. Себебі «тікелей» хабарда адамның мінезі ашыла көрінетін және айқындалатын жағдайды режиссер мен оператор экранда көрсетуге қабілетсіз болып шықты.

Телешолу да отандық арналарға кейіннен қосылған жаңа пішін. Телешолуды ерекшелеп тұратын қасиеттері: ол аса қатаң, фактқа құрылған. Мұңда дерек автордьңайқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады; айқындаған мақсатына сәйкес ірікгеліп, топтастырылады; екіншіден, шолушы деректі олардың байланысына қарай айқындап, араларындағы байланысты ашады, әрі оларды байланысгырып тұрған жалпылықты іздестіреді; үшіншіден, шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке дерек қана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, шолу көпшілігінде хронологиялық шеңбермен шектеледі (Жаһан жаңалықтары). Демек, телеэкрандағы шолушы хабар үстінде: 1) мәліметгерді хабарлау кезінде деректердің өзара байланысына зер салуы; 2) оқиға, деректердің тұтастығьша көңіл қоюы; 3) біртектес деректерді жинақтап беруге үнемі көңіл аударып отырғаны қажет.

Бейнелеуші құралдар көмегімен экранда аса күрделі, сан алуан мәселелер шешімін тауьш жатады. Шолуды эфирге шығару кезінде әрекет ағынымен ғана кетпей, кейде шұғыл материалдармен қатар, автордың логикалық қабысатын мұрағаттық бейнематериалдар да бірге беріледі. Осы жанрдағы хабарлаудьщ тақырыптық көпқырлылығына сай шолу өзіндіқ ерекшелігімен бір-бірінен айырықшаланады. Уақыттьң  белгілі бір бөлігінде өткен оқиғалар тізбегін көрсетуге арналған "Жеті күн”, “Мезгіл” ақпараттық-сараптау бағдарламалары, сондай-ақ, проблеманы ғана көтеріп, тақырьштық шолу жасайтын: экономика, ғылым, өнер,спортпен шектелетін — “Спорт жаршысы”, “Хабар -Жер” хабарлары мысал бола алады.
Сонымен қатар, баспасөзге шолу  қазіргі таңда дамып келеді. Өзі айтып аты айтып тұрғандай, баспасөзде жазылған ұтқыр мақалалар мен айшықты оқиғаларға шолу жасайды. Бұл жанр «Таңшолпан» бағдарламасында бірқатар жылдар бұрын пайда болды. Таңғы бағдарламаға аптаның жұма күнінде бір апталық жарық көрген мақалаларға шолу жасап, соңын спорт басылымдарымен аяқталады. 

Мысалы соңғы (19.06.2015ж) хабарда Ирина Тен «апта барысында баспасөз беттері қандай айшықты оқиғалармен толықты екен?! Назар салыңыздар, шолып шығайық! -деп шолуды бастайды. Жүргізуші Ирина Тен эфир алдында тұрып артында ілінген электронды тақтадан газет немесе журналдың алдымен мұқабасын көрсетіп, кейін шолу жасалынып жатқан мақалаға ауысады.

Құрметті көрермен қауым, Қазақстан мен Грузия арасындағы экономикалық әлеуеті зор. Бұл мақаланы «Айқын» газетінен оқи аласыздар. Грузия Қазақстандық туристер үшін басты бағыттарының біріне айналуда. Астанадан Тсибилисиге ашылған әуе рейсі Кавказ еліне жол тарқан Қазақстандықтар санын арттырады деп тапшылап отыр Грузия елшісі Зураб Патарадзе. «2014 жылы Грузиядағы қазақ туристері 45 пайызға артқан. Былтыр Грузияға 5 млннан астам туристер келген. Бұл жақсы тенденция»–деді хатшы.

Мінекі, құрметті қауым, осы аптада жарық көрген мақаласын бір парасын шолып шықтық. Сыздер де таныс болдыңыздар. Газет оқи жүріңіздер!», – деп хабар басталған сон 20 минуттан кейін яғни 7:20 да эфирге шықты. Қысқаша телевизияда шолу осылайша жүргізіледі.
Дәл соңғы үш-төрт онжылдықта ақпараттық және сараптамалық жанрлар бір біріне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ақпараттық қатардағы газеттік публицистика жанрлары сараптамалық жанрлардың кей белгілерін өздеріне сіңдірсе, сараптамалықжанрлар ақпараттық жанрлардың кейбір қасиеттерін иеленеді, атап айтқанда, репортажға тән серіктесу мен қатысу эффектісі Кеңес заманындағы ақпараттық саясат журналистикада объективтілік белгілерін, деректі таңдаудан бастап, радио мен телебағдарламада берілуін бақылап отырды. Қазір де журналистің объективтілігі жөніндегі дау баспасөз беттерінде үнемі кездесіп отырады. Журналистикада шындық абсолютті болмауы бастапқы кезден белгілі, әр дерек объективті шындықтың бастауы болуы тиіс. Сараптаудың құрамында әрдайым ой жатады. 

Дерек – ой немесе эмоциялық, логикалық жүйеге кірістіріледі, дерек - дауласудағы дәлелдеме, пікір-таластың пішіні. Телевизия ұлғая бастағаннан кейін хабар тарату пішіндеріне де жаңалықтар ене бастады. Сондай кейіннен еңген жаңа пішін ретінде пресс-конференция және брифингті айтар едім.
Жалпы, отандық бағдарламалардың пішіндік ізденістерін зерттеу барысында Қазақстандағы телеарналардың күнсайын өсіп, дамып жатқандығын байқадық. Жанрлық, пішіндік ізденістері жоғарыда көрсеткен дәлелдер бойынша сенімді түрде, еш шетелдік арналардан кем түспейді деп айта аламыз. Уақыт, заман бір орында тұрмайды, үнемі қозғалыста. Соған сәйкес телеарналарда да жаңа пішіндер мен қызықты жанрлардың пайда болуы түсінікті жәйт. Алда да жаңашылдыққа құмар болып, талмай ізденсек, отандық телеөнімдерге сұраныс бүгінгіден еке есе асатынын ұмытпаған жөн.

Мақала авторы Тұрғынова Д.Ш.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға