Жаңалықтар

Отандық телеарналардағы әлеуметтік ток-шоу бағдарламаларының нәтижелік көріністері

Бізге бұл бағдарламалар не берді? Халыққа қандай көмек көрсетті?
26.09.2017 13:19 3384

Бізге бұл бағдарламалар не берді? Халыққа қандай көмек көрсетті? Біріншіден, бағдарламаға келген кейіпкердің мұң-мұқтажы тыңдалады. Екіншіден, қарапайым халықтың ішкі жан дүниесін түсініп, психологиялық тұрғыда оған көмек көрсетеді. Үшіншіден, басты кейіпкердің мәселесіне байланысты шешу жолдарын жан-жақты қарастырады. Төрітіншіден, бағдарламаға құзірет органдарынан тиісті заң өкілдерді, психологтар және талқыланатын тақырыпқа қатысты мамандарды шақырып, мәселенін түйінін шешеді.

Бесіншіден, кейіпкердің моральдық және материалдық жағдайын реттеуге тырысады. Яғни, қоғамдық ток-шоулардың негізгі міндеті халыққа әлеуметтік көмек көрсету. Мәселені шешу үшін бағдарлама ұжымдары жағдайды жан-жақты зерттеп, қарастырады. Аталмыш бағдарламалардың кемшілік тұстары да артықшылықтары да бар. Дегенмен, Қазақстанда әлеуметтік мәселелерді қозғайтын бағдарламалар соңғы жылдары өзінің нәтижиелерін көрсетуде. Бүгінгі күні елімізде коғамдық-саяси форматта жұмыс істетейтін ток-шоуларда бар.

«Қазақстан» телеарнасындағы «Алаң» ток-шоуы және «Заң және біз» бағдарламасы. «Алаң» ток-шоуы қоғамдағы өзекті деген мәселелерді қозғап, халықтың көкейіндегі сұрақтарға білікті мамандардан жауап алады. Яғни қандай мәселелерді қозғады: «Ұлтаралық саясатты жетілдірудің жолдары қандай болмақ?», «Әлемдік дағдарыс: алдын алу шарттары», «Балабақша жетіспеушілігін жоюдың жолдары қандай?», «Тұрғын үй бағдарламасының жаңа талаптары қандай?», «Армиямыздың әлеуеті қандай?», «Ұсақ шаруаларды қолдау мүмкін бе?», «Радикалды діни ағымдарды қалай тоқтатамыз?», «Қоғамдық құндылықтар өзгерді ме?», «Тамақ өнеркәсібін дамыта алдық па?», «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бақылау қажет пе?», «Тарих қалай жазылуы керек?», «Отандық емханаларды өзгерте аламыз ба?», «Ішкі миграцияны қалай реттеу қажет?», «Транспорттық индустрия – елдің ертеңі», «Радикалды діни ағымдардың қызметін қалай тоқтатамыз?, «Әлемдік экономикалық өзгерістерге дайынбыз ба?», «Отбасы құндылықтарын сақтай аламыз ба?», «Отандық туризмді дамытудың жолдары қандай?» және де тағы басқа тақырыптар бойынша мәселе көтерді.

 Сондай-ақ, көрерменнің басындағы түрлі қиындықтарын шешіп жүр. Мысалға, бағдарламаның кезекті түсірілімінде «жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мүмкін бе?» деген тақырып туралы әңгіме өрбіді. Мәселені шешу үшін құзұрет органдарынан тұлғаларды, лауазымды адамдарды шақырып, ашық студияда өткізілді. Көрермен болып отырған жастар өздерінің мазалап жүрген сауалдарын қойып, ортасындағы Қалыбаев Жандос есімді көрермен өзінің оқуды бітіргеніне 2 жылдан астам уақыт болғанын айтады. Мамандығы заңгер екен. Алайда, жұмысқа орналасу қиын екенін, танысын болмаса мүмкіндігінде жоқ екеніндігіне қынжылады. Нан табудын жолында амалсыздықтан құрылыста қара жұмысшы болып істеп жүр екен. Көрерменін оқиғасына байланысты арнайы қонақ ретінде шақырылған жұмыспен қамту орталығынын маманы Қалыбаев Жандосқа өзінің көмек қолын созатынын айтты. Тағы бір «Денсаулықтың құны қанша?» деген түсірілімінде денсаулығымызды сеніп тапсыратын ақ халаттағылардың өз істеріне салқын қарайтындары туралы мәселе қозғалды.

Құрғақ қасық ауыз жыртпасын, солардың біразын айта кетейік. Тұңғышбай Жаманқұлов, Майра Мұхамедқызы, Айнұр Тұрсынбаева, Меруерт Түсіпбаева, Айгүл Бабаева,  Нұрлан Абдуллин,  Жанар Айжанова, Айгүл Иманбаева,  Баян Есентаева, Тұрсынбек Қабатов, Тамара Асар, Нұрлан Әлімжанов, Мәдина Садуақасова, Айгерім Қалаубаева, Жұбаныш Жексенұлы және басқалар. Кеңестік заманда  «қайда қарасаң да, қайда көз жіберсең да химия  ғажайыптары» дейді екен, қазір тура сондай «қайда қарасаң да, қайда көз жіберсең де – әртістер мен әншілер».  

 «Алаң» ток-шоуының жүргізушісі Нұрмұхаммед Байғара бағдарлама туралы айтқан пікірі: «Ток-шоуда қозғалған тақырыптардың барлығы әлеумет үшін өзекті мәселелер. Себебі көрермен үнемі ене мен келін, шашты қалай әсемдеу керек деген тақырыпты көре алмайды. Оған қоса, көрермен арасында ел ертеңіне алаңдайтын азаматтардың мол екенін ұмытпаған жөн. Біздің негізгі мақсатымыз халыққа пайдалы ақпарат беріп, қоғамды алаңдататын мәселенін шешімін табу.»

«Заң және біз» ток-шоуы Қазақстандық телевизия кеңістігінде тікелей эфирде жұмыс істейтін  әлеуметтік тележоба халыққа құқықтық сүйеу болды. Форматы – монтажсыз, өйткені тікелей эфирде жүргізілгендіктен барлық іс-әрекеттер, сезімдер шынайы. Алғашқы уақытты кемшіл тұстары болды, алайды жаңа маусымда оның барлығы ескерілді. «Заң және біз» бағдарламасының редакциясы «Құқықтық таным акциясын» өткізіп, бір күн бойы көрермендеріне заңгерлердің кеңесін ұсынып, заңдық тұрғыдан көпшіліктің құқықтық танымын көтеруге атсалысты. Мұндай жобаны қолға алудағы мақсат – тікелей эфир арқылы көпшілік көкейінде жүрген құқықтық сауалдарға мамандар жауабын ұйымдастырып, қарапайым халықтың мәселелерін шешуге, көрерменмен бірлесе отырып көкейде жүрген түйткілді мәселелерге жауап іздеуге талпыныстан туған екен. Күнделікті тұрмыста не істерін білмей, басы дауға қалып жүрген көрерменнің хатынан, біздің редакцияға жазып жатқан отандастарымыздың шағымынан түсінгені –  әлі де құқықтық мәселелердің кемшіл тұстары көп. Неғұрлым бұл тақырыпқа тереңдеген сайын, соғұрлым мұндай әлеуметтік жобаға халықтың сусап отырғаны.

Бүгінгі күнге дейін тікелей эфирге 100-ден астам бағдарлама шықты. Соның ішінде «Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы», «көп балалы аналар құқығы», «тұрмыста зорлық-зом­былық көрген әйелдердің құқығы», «салық туралы» заң, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы, «неке және отбасы туралы» заң, «ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде бала тәрбиесімен кім айналысады?, «өрт қауіпсіздігі туралы» заң, «экология мәселесі», «табиғатты тұрмыстық қалдықтардан қорғау», «диабет ауруына ұшыраған науқастардың құқығы», «авторлар құқығы», «бала асырап алушылар құқығы», «мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі», «әлеуметтік қамсыздандыру құқығы», «азаматтардың банктерден несие алу және қайтару құқығы», «зейнеткерлер мен мүгедек жандардың шипажайларда демалу құқығы», «еңбек құқығы» сынды мәселелер өзектілігін көрсетті.

Ең қарапайым мысал «еңбек құқығы» тақырыбына байланысты санында «біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз» деген ойға қаласыз. Бастыққа ұнамағандықтан қызметкердің жұмыстан заңсыз шеттетілуі немесе жұмысқа орналасқан кезде ешқандай келісімшартсыз жұмысқа алынып, жалақы алар кезде қудалануы сияқты айғайлап тұрған заңсыздықтар бар. Біздің халқымызға тән енжарлық етектен тартып жатқанымен кейінгілерге үлгі болмай келеді. Қазір көптеген елді мекендерде халық алдымен жер сатып алады да, ешқандай рұқсат қағазынсыз үстіне үй қосып алады. Бірде екі ағайынды адам бірлесіп тұрғызған үйге байланысты дау қаралды. Үйді бірге тұрғызғанына байланысты куәгерлер бар, ал құжат жоқ. Уақыт өте келе араларында жан­жал шығып, ағайындының бірі екінші адамның үйінің қабырғаларын заңсыз сүргізіп тастаған. Бағдарламаның сарапшы заңгер тарапынан сотқа шағымдануына көмек көрсетілді, сот шешімі шықты. Бірақ, үй жығылған, отбасы панасыз қалды. Сот шешімінің орындалуы да тез емес. Осындай келеңсіз оқиғалардың құрбаны болмау үшін әр қазақ азаматы өз құқын білуі тиіс және оны қорғай білуді үйренуі керек. Ток-шоу барлық сәтті қадамдар құқықтық сауаттылықтан басталады дегенді түсіндіреді.

Мысалы, бағдарламаға келген кейіпкерге азаматтық алу үшін құжаттарын сауатты толтыра алмай, 8 жылдан бері ай сайын көші-қон департаментіне барып Қазақстанда тұру мерзімін создырып жүрген қырғыздық бір азаматша барлық құжатын толтырып берді. Кейіпкер осы мерзім ішінде 4 баланың анасы болыпты. Отағасы – біздің елдің азаматы, қарапайым шаруа адамы, не қайда барарын білмей, не кімге шағымданарын білмей, эфирден хабарды көріп, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынан бала-шағасын ертіп редакцияға келген екен. Ал бағдарлама ұжымынын тарапынан қолдан келген көмегін жасап бақты. Тағы бір мысал, былтыр желтоқсан айында алимент мәселесіне байланысты редакцияға хат көп келіпті. Ұжым бірлесіп арнайы эфир ұйымдастырды. Ресми деректерге қарасақ, елімізде 100 мың бала алимент ала алмай, 90 мың безбүйрек әке алимент төлеуден қашып жүр екен.  Осы жөнінде ақпарат құралдарының басын біріктіріп үлкен шара ұйымдастырды. «Айқын», «Алаш айнасы», «Заң», «Қазақстан-Заман» газеттерінде, «Игілік» журналында ауқымды мақалалар жарияланды.

Биылғы «жаңа телевизиялық маусымда» «Заң және біз» бағдарламасы көрерменімен бұрынғыдан да етене жақын болды. Хат жазып, мұңын шаққан, құқықтық даудың әділ жауабын іздеген көрерменнің студияға келіп, тікелей эфирге қатысу мүмкіндігі қарастырылған, студияға шақырылған сарапшы-мамандардан нақты жауап алып, құқықтық көмекке ие болуы үшін жобаның форматына өзгерістер енгізілді. Яғни бағдарлама  өз деңгейінде көрерменге қолғабысын тигізіп отырғаны рас.

Келесі кезекте «Нүкте» бағдарламасы. Ток-шоудың негізгі мақсаты туралы бағдарлама продюсері Толқын Сейдоллақызы: «Басты мақсатымыз - қазақтың ұлттық мүддесі тұрғысынан сөйлеу. Қарап отырсақ, бүгінде ток-шоу жанрындағы көптеген бағдарламалар  құр сөзталас, дау-дамаймен аяқталып, көтерілген мәселе шешімін таппай жатады. Әрине, сөзталас ток-шоу атаулыға тән ортақ қасиет. Алайда, қалың көрермен құзырлы органдар мен халық арасындағы алтын көпір атанған БАҚ-тың өздерінің шынайы өмірдегі шешілмей жатқан мәселелерін көрсетіп, орын алып жатқан әділетсіздіктерге тосқауыл қойылуына үлес қосқанын қалаймыз».

«Нүкте» ток-шоуына студия меймандары, бағдарламаның басты кейіпкерлерінен бөлек, тақырыпты талқыға салатын сарапшылар, кейіпкердің туған туыстары, жақтаушылар мен даттаушылар, куәгерлер, талқыланатын тақырыпқа тікелей қатысты сала мамандары, психологтар, ол тақырыпты терең зерттеген журналист, билік өкілдері қатысады. Шығармашылық түсіру тобы «болашақты болжау кәсіп пе, әлде нәсіп пе?» дейтін тақырыпта «көріпкелдер қайдан көріп келеді» деген сауалдың жауабын іздеді. Бақсы-балгерлердің  қоғамдағы әрекетіне талдау жасап, көрерменге ой салды.

Сонымен қатар «қоғамнан алшақтағандар», яғни, қаңғыбастар мен қайыршылардың өмірін қарастырды. Не себепті осындай жағдайға жеткендігі туралы мән-жайын анықтады. Бағдарлама барысында мешіттің алдында отырған қайыршылар туралы бейнесюжетте көрсетті. Анықталғандай кейбіреулері  он екі мүшесі аман, 30-40 шамадағы азаматтар жұпыны киім киіп алып бір қолдарын күртесінін ішіне салып, жұрттың аяушылығының арқасында жеңіл табыс алып оны ішімдікке жұмсайтындар да баршылық екенін көрсетті.

 «Алкоголизм зардабын» зерттепті. Бұл тағылымды бағдарлама болады деп күтілуде. Тізе берсек, жол апаты, дәрігерлердің салғырттығы, отандық шоу-бизнестегі «қара пияр», онкологиялық ауруға ұшыраған жандардың тағдыры, түрмедегі тағдырлар да талайларға ой салды. Осы көкейкесті жәйтке байланысты шығармашылық топ ЛА-155/8 Заречный елді мекеніндегі түзеу мекемесі мен ЛА-155/4 Жауғашты әйелдер колониясын аралап, түрлі себептермен темір торға қамалған жандардың өмірін зерттеп көрді. Мәселен, паралимпиада саңлақтары, жетімдер өмірі жеке-жеке тақырыптарға айналды. Сол сияқты «ерекше» жаратылған жандар бар, олар мүгедек емес, тек сырт келбеті өзгелерден бөлек. Мысалы, ток-шоу басты кейіпкердің бойы бір метр Азамат есімді жігіт, денесін ғылым үшін жұмбаққа айналған қабыршық басқан жасөспірім, салмағының ауырлығынан көлікке отыра алмайтындығы туралы болды.  Халыққа осындай жандардың түрлі әлеуметтік кедергілерден өте білуі, қажыр-қайраты өнеге болуы тиіс деген ой салды.

Мысалы, «жалғыз басты аналар» туралы мәселені қозғаған кезде, күйеуі үш мүгедек балалармен жалғыз тастап кеткен азаматшаның ешнәрсеге қарамай, балаларының қамы үшін еңбектеніп жүргенін айтады. Кейіпкер үш баламен кішігірім үйде тұрып жатыр. Екі баласы І дәрежелі топтағы және үшінші баласы ІІ дәрежелі топтағы мүгедектер. Бағдарлама ұжымынын атынан қаржылай көмек берді. Бағдарламаға келген қонақ кейіпкерді мамандығы бойынша жұмысқа орналтыруға және көрермен арасынан азық-түлікпен қамтуға байланысты демеушілер де табылды. Бұл бағдарламаның бір ғана мысалы. Байқағаңыздарыңдай кейіпкерге көмек қолын созып, көп көмектесті.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Әйел бақыты» қыз-келіншектерге арналған әлеуметтік ток-шоуы.

"Әйел бақыты" ток-шоуының студиясында көтерген тақырыптары: «Ғаламтор жұлдызына айналған жиhанкез-әжейдің саяxаттары» жайлы, «Алимент төлеу» осы бойынша міндетін орындамаған әкелер 2 жылдан 3 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылатындығы туралы, «Шанышқыны қай қолға, пышақты қай қолға ұстайды? дастарxанның сәні не?», «Тағдыр соқпағына мойымай, өмірге деген құлшынысы мол жандар» жайлы,  «Эстрада.кино.гастроль» деген санында шоу әлемі кімге де болса қызық екенін және жұлдыз болғысы келетіндер туралы, «арулардың арманы» әйел бақытты болу үшін не керек? Осы жөнінде әңгіме тарқатты. "Қайран менің өз үйім" баспана алу жолдары қандай? екендігі туралы тақырып қозғады. «Баспана алу кімнің де болса арманы» оған кезекке тұрғандардың саны бірнеше мыңнан асады. «ҰБТ тапсырмай-ақ студент атануға болады» қалай? Кезекті түсірілімді  жас түлектерге арнады. Қыздар неге төбелеседі? "қыздар агрессиясы", «махаббат жас талғай ма, достар?» жігіт кейіпкерден 5 жас кіші. Жақында ғана ұсыныс жасады. Бірақ, оған тұрмысқа шығуға қорқады, осы жөнінде әңгіме өрбіді. «Болар елдің баласы...», «Қымызды желдің және судың көмегімен пісетін күбі» ауылдағы апаларымызға қаншалықты көмектесетіндігі туралы,  "Сұлулық сыры" үй жағдайында қандай күтім жасау керек? «Неге күйеуім қызғаншақ? Неге жұмыс істеуге рұқсат етпейді?». Кейіпкердің осы сұрақтарына жауап іздеді. «Патронаттық тәрбие туралы тереңірек, бала асырап алу турасында ата-анаға кеңес», «әлеуметтік желі адам сана сезіміне қаншалықты әсер етеді?» деген тақырыптар көтерді.

Бағдарлама амалсыздықтан не істерін білмей жүрген жандарға мәселесін шешуге көмектеседі.

Ток-шоудың қонағы ретінде көптеген қазақ эстрада жұлдыздарымен қатар шетелдік танымал әртістер де шақыртылған. Соңын бірі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетіліп жатқан «Келін» телехикасындағы басты кейіпкер Анандидің жас кезін сомдаған үнділік актриса Авика Гор, сонымен қатар «Келін» үнді телехикаясының басты рөлдерінің бірін сомдаушы Сидхарт Шукла осы бағдарламаның басты кейіпкері, қонақтары болған. Көпшілік қызығып қарайтын осы телехикаяға қалай келгендерін, түсірілім қалай өтетінін, қызықты сәттерімен жеке өмірлері туралы әңгімелеп берді.

Телекөрермендердің арасына сауал тастап, назарға алынған телеарналардың әлеуметтік мәселені қозғайтын ток-шоулардың үздік үштігін құрдық. Сонымен, көпшіліктің пікірі бойынша, алғашқы орынға «Қазақстан» ҰТА «Айтуға оңай» бағдарламасы жайғасты. Көрермен екінші орынға осы телеарнадағы «Әйел бақыты» ток-шоуы лайық деп тапты. «7 арна» телеарнасынының «Выход есть»  бағдарламасы бүгінгі қоғамның ащы шындығын айтатын тележобаны үшінші орынға белгіледі.

Ток-шоу үшін жүргізуші үлкен рөл атқарады.  Жүргізушінің сөз саптауы, студияда өзін ұстай білу мәдениеті, шеберлігі, тапқырлығы хабардың қызықты да тартымды болуының кепілі. Тек, жеңіл әзіл-қалжыңмен  алысқа ұзау қиын. Мұндай хабарлардың  өмірі қысқа болады. Сол себепті де, әлеуметтік мәселелерді көтеретін ток-шоулардың халыққа пайдасы мол. Қоғамдық ток-шоулар амалсыздықтан не істерін білмей жүрген жандарға мәселесін шешуге көмектеседі. Ал, ол  үшін бағдарлама ұжымдары жағдайды жан-жақты зерттеп, қарастырады. Осындай бағдарламалардың көпшілікке айтар ақылы да, берер пайдалы кеңестері де, жасаған көмектері де мол. Ендеше, қоғамда өзекті деген мәселелердің шешімін табуды көздейтін бағдарламалар мейлінше насихатталып, бастау алған тарихы толықтай зерделеніп, әлеумет үшін пайдасы мол хабарға айналуы қажет.   

Қорытынды

1970-1980 жылдары қазақ телевизиясы жас буынды тәрбиелеу бағытында әсіресе, қазақ халқының салт – дәстүрі арқылы жас көрермендерге ой салу мақсатындағы бағдарламалар бой көтерген кезі болатын. Зерттеуіміздің барысында сол кез үшін тың дүние болған шоу-бағдарламалардың ықпалды болғандығын, жастарды тез ілестіріп, олардың жаңашылдықты бойларына сіңіре білуіне көмектескендігін байқадық. Әр түрлі телетәсілдерді оңтайлы пайдалану, хабардың мазмұны мен берілуі, суреттердің көрінісі, кинотаспалардың сапасы, хабардың әуенімен көркемделуі жиналған мол тәжірибемен ұштасып, телекөрермендерді елең еткізген, тың бағдарламаларды телеэкранға шығаруға мүмкіндік береді. Әрине, ол кездегі сапа мен әдіс-тәсілдер бөлек болды. Көп дүниені қолдан жасайтын уақыт болғандық техниканың көмегінен гөрі адам факторы көп пайдаланылды.  Қазіргі спец-эфектілерінің пайда болмаған кезі. Теледидардың алғашқы жылдарында шолу жасағанда, ойын-сауықтық бағытындағы телебағдарламалар көлемі,  көтерген мәселелерінің мәнділігі жағынан эфирде көрнекті орын алады.

Өткен ғасырдың 1970-1980 жылдары қазақ теледидарында «Алтыбақан», «Қымызхана», «Көкпар», «Ақсүйек», «Алтын сақа» бағдарламалары халықтық дәстүрдің қайнарынан бастау алған, уақыт кезеңіне сай жаңа түр, тың өрнек, көркемдік кестеге ие болған елеулі туындылар болып саналады. Бірақ, бұл формат қазіргі ток-шоу бағытынан алшақ болды. Оның да өзіндік себебі болды, бірден-бір себеп, сол кездегі соқыр саяси идиялогияның әсері. Өз ойын еркін айтпақ түгілі, ойлауға қорқатын ағаларымыз кешегі бес арыстың күйін кешуден қорықты.

Қазіргі таңда ток-шоулардағы ерекшелік өте зор. Әрі студияға келген кейіпкерлер мен танымал қонақтардың қоғамдағы өзекті мәселеге жаны ауыратынын, әрі өз тәжірибелерімен, ақыл-кеңестерімен бөлісуге даяр екенін көргенде, шынымен қазір біз толыққанды тәуелсіз елде өмір сүртінімізге қуанамыз. Оған себепте көп, жасалып жатқан  тың, әрі пайдалы дүниелерде көп. 

Мен негіз етіп әлеуметтік мәселелерді кеңінен көтеретін ток-шоу бағдарламаларды салыстыру мақсатында  бір тақырыппен өткізілген 3 телеарнаның яғни, Хабар арнасының «Нүкте»,  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Айтуға оңай», Жетінші арнаның «Выход есть» бағдарламаларын алдым. Ортақ тақырып  – адам өмірін қыршыннан қиып, күнде бір қазақстандықтың өмірін жалмаған жол көлік оқиғалары болды. Талқылау кезінде біз телеарна қызметкерлерінің тақырыпты кеңінен ашып, көрермендерге жеткізу әдіс-тәсілдерінде назар аудардым. Оған себеп, ортақ тақырыпты біздің журналистер қауымы қалай зерттеп, зерделейтіні болды. Жүргізушілердің сөйлеу мәдениеті, кейіпкер таңдаудағы ерекшеліктері және ең бастысы, бағдарлама қорытындысы бойынша күтілетін нәтижесін қарастырдық. Пайдалы кеңестерімен, кейіпкер басынан өткен қайғылы оқиғалар көрерменге қалай әсер ететіні мені қатты қызықтырды. Мені өзімді бірінші рет бағдарламаларды көріп отырғанда көрермен орынына қойдым, екінші мәрте бағдарламаны көргенде мен өзімді бағдарлама кейіпкері ретінде, үшінші мәрте бағдарлама сыншысы ретінде көз қарастарымды білдіре отырып көрдіп, ой түйдім.

Сондай-ақ, қыз-келіншектерге арналған екі ток-шоудың алғашқы шығарылымдарын талқыладық. Ток-шоу қазіргі қаланың сылқым бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалары арқау болды. Жасандылықтан алшақ ашық әңгіме құрылды. Бұл тақырып мен үшін жақын болған соң алдым. Себебі бойжеткен тағдыры бұл, бір қазақ қызының басынан кешкен оқиға емес, бұл бүкіл әлем бойжеткендерінің тағдыры.

Бағдарламада аруларымыздың жан дүниесі, олардың басына түскен қиындығы айтылады. Өмірдің қиын кезеңдерінде жолбасшы-серік болып, әйелдерге ақыл-кеңес беруді көздеген жоба.

Бағдарлама мақсаты – қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттау. Қазіргі заман әйеліне отбасы мен қоғам арасына үйлесім орнатуға көмектесу. Халқымыздың дәстүрімен, заманымен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, қолдау көрсету.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыста әлеуметтік ток-шоулар бізге не берді? Халыққа қандай көмек көрсетті? Осы сауалдарға мен жауап іздеп, төмендегідей қорытындыға келдік.

         Біріншіден, бағдарламаға келген кейіпкердің мұң-мұқтажы тыңдалды.

         Екіншіден, қарапайым халықтың ішкі жан дүниесін түсініп, психологиялық тұрғыда оған көмек көрсетеді.

         Үшіншіден, басты кейіпкердің мәселесіне байланысты шешу жолдарын жан-жақты қарастырады.

         Төрітіншіден, бағдарламаға құзұрет органдарынан тиісті заң өкілдерді, психологтар және талқыланатын тақырыпқа қатысты мамандарды шақырып, мәселенін түйінін шешеді.

Бесіншіден, кейіпкердің моральдық және материалдық жағдайын реттеуге тырысады. Яғни, қоғамдық ток-шоулардың негізгі міндеті халыққа әлеуметтік көмек көрсету. Мәселені шешу үшін бағдарлама ұжымдары жағдайды жан-жақты зерттеп, қарастырады. Аталмыш бағдарламалардың кемшілік тұстары да артықшылықтары да бар. Дегенмен, Қазақстанда әлеуметтік мәселелерді қозғайтын бағдарламалар соңғы жылдары өзінің нәтижиелерін көрсетуде.

Алтыншыдан, бағдарлама санынан қарапайым көрермен қандай әсер алғаны, нендей ой қорытқаны туралы пікірлері маңызды болды. Әлеуметтік ток-шоулардың мақсаты  – көрерменнің көңіл-күйіне әсер ету, көтерілген тақырыпқа қызықтыру әрі өзгенің өміріне бей-жай қараудан арылту. Ал, кез келген ток-шоуда, тіпті аты дүркіреген әлемдік ток-шоулардың өзінде көтерілген тақырып толыққанды шешімін таппайды. Тек шешім табудың жолдары мен ұсыныстар ғана айтылады.

Қорытындылай келе бүгінгі отандық ток-шоуларда мынадай мәселелер бар:

1. Қоғамдық-саяси бағдарламалардың аздығы;

2. Мемлекет тарапынан кейбір тақырыптарға тыйым салынуы, яғни «цензураның» болуы. Әсіресе, мемлекеттік арналарда;

3. Тақырып кризисі. Бір тақырыптың бірнеше телеарналарда қайталануы;

4. Ток-шоуға қаражаттың аз бөлінуі. Сондықтан да қарапайым, бір сарында өтеді. Көрерменнің қызығушылығын арттыра алмайды;

5. Тележүргізушілердің кәсіби журналист болмауы;

6. Көрермен тәрбиелеуде, ток-шоулардың маңыздылығын арттыру.

Телекөрермендердің арасына сауал тастап, назарға алынған телеарналардың әлеуметтік мәселені қозғайтын ток-шоулардың үздік үштігін құрдық. Сонымен, көпшіліктің пікірі бойынша, алғашқы орынға «Қазақстан» ҰТА «Айтуға оңай» ток-шоуы лайық деп тапты. Көрермен екінші орынға осы телеарнадағы «Әйел бақыты» бағдарламасын жайғастырды. «7 арна» телеарнасынының «Выход есть»  бағдарламасы бүгінгі қоғамның ащы шындығын айтатын тележобасы үшінші орында.

Шынымен, рейтингке қарасақ дәл осы арналар ең көрілімді екені белгілі. Сондай-ақ, бағдарламаның мазмұндық астарында халыққа беретін тәрбиелік маңызы да сырт қалмайды. Әсіресе, жүргізушінің сөзінің мәйегін халық даналығынан, мақал-мәтелдер мен аңыз-әңгімелерден алуы да кездейсоқ емес. Білуімізше, осы ток-шоу жанрын терең зерттеген мамандар қазіргі тележүргізушілерді «шоумен», «интеллектуал» және «жанашыр» деп үш типке бөледі. Дипломдық жұмысымда атап өткен ток-шоу жүргізушілерін «осы үш түрдің қайсысына жатқызасыз?» деген сауал қойылатын болса, әрине, жанашыр жүргізуші дер едік. Себебі, отандық журналистеріміз ешқашан қазақы менталитетіміз бен салт-санамыздан алшақтап кеткен емес. Яғни, бастапқыда ойға алған мақсаты бағдарламаға қатысушы кейіпкерлерге мүмкіндігінше көмек қолын созып, көңіліне кірбің түсіретін ауыр сөздерден аулақ болуға тырысады. Сонымен қатар, кезіккен қиындықтары үшін кейіпкердің өзін кінәлай жөнелмейді. Міне, дәл осы құндылықтар еліміздің ток-шоу бағдарламалары мен оның жүргізушілерінің шет елдермен салыстырғандағы басты ерекшелігі мен артықшылығы деп айтуға болады. Өзге елдердегі еркінсуге қанша еліктегенімен, қалыптасқан қазақы болмыстан аттап кетпейді. Бір сөзбен айтқанда, отандық шоуды зиянсыз шоу деп атар едік.

Бүгінгі ток – шоулардың бағыты бір, алға қойған мақсаттары айқын. Олардың көрерменге жеткізу тәсілі әртүрлі болғанымен түпкі идея ол біреу ғана. Қазақ телевизиясы даму үстінде және ол болашақта да дами береді. Ал, даму процесі бар болған жерде күтілетін нәтиже жоғары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға