Жаңалықтар

Отандасымыз Берлиндегі референдум учаскесінде дауыс берді

Отандасымыз Берлиндегі референдум учаскесінде дауыс берді
Фото: ҚР Елшілігі 06.10.2024 15:31 456

Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде қазақстандық Индира Мұрымбаева АЭС құрылысына қатысты референдумда өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Индира Мұрымбаева елшіліктегі №379 референдум учаскесінде дауыс берді. Қазіргі уақытта отандасымыз Берлин қаласында тұрып жатыр. Айтуынша, бұл жақта ол неміс аграр компаниясында есепші болып жұмыс істейді және келгеніне екі жылдан асқан.

Бүгін елімізде болып жатқан маңызды күнде шет елде жүрсем де, еліміздің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. АЭС бейбіт атом энергиясын пайдалануға көзқарасым жақсы. Ядролық энергия тиімді және тұрақты деп ойлаймын. Дауыс беруге келіп жатқан қазақстандықтар бар, – деді отандасымыз.

Айта кетейік, шетелдегі дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны – 12307. Республикалық референдумға барлығы 177 халықаралық бақылаушы аккредиттелген, оның ішінде 4 ірі халықаралық ұйымдардан 102 бақылаушы және 30 шет мемлекеттерден 75 бақылаушы бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға