Отандасымыз АҚШ-та өткен үстел теннисінен турнирде топ жарды

Отандасымыз АҚШ-та өткен үстел теннисінен турнирде топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко америкалық Кай Чжанды 3:1, үндістандық Хармит Десайды 3:1, германиялық Штеффен Менгельді 3:1, португалиялық Жоао Монтейруді 3:2 есебімен ұтып, алтын медаль жеңіп алды.
Құттықтауларыңызға рахмет. Бұл турнирде бірінші орын алып, WTT Champions турниріне қатысу үшін рейтингілік ұпай жинаймын деген мақсат болған. Сондай-ақ, бұл ұпайлар Париж Олимпиадасына іріктеу кезеңінде де маңызды. Мұнда өзіме деген сенімділік арқасында мықты спотшылардан басым түстім, - дейді Кирилл Герасименко.
Айта кетейік, АҚШ-та үстел теннисінен WTT Feeder Corpus Christi 2024 халықаралық турнирі аяқталды.
