Жаңалықтар

Қосымша google қызметтері!

Google іздеу жүйесінде жасырынып жатқан құпия көп. Бүгін сол жаңа тұстарын ашып көрсек.
15.10.2014 09:41 6232

Google іздеу жүйесінде жасырынып жатқан құпия көп. Бүгін сол жаңа тұстарын ашып көрсек. Google әрдайым қарапайым дизайн мен ыңғайлылығымен ерекшелінеді. Жарнама легін басыңызға төге салмайды, артық ақпаратсыз іздесе болады. Іздеу сұранысын еңгізу керек алаң және басқа ештеңе. Бұл әрине адамдар үшін ыңғайлы. Бірақ сырттай көрінген жеңілдігінің астында үлкен функционал жасырылған. Кейде өзіміз біле бермейтін қызметтері бар. Төменде сол туралы жазылған.  Бірақ ескерте кететін жағдай, бұл «құпия» қызметтердің басым бөлігі тек Google-дың ағылшын нұсқасында қол жетімді.

Google-ді таймер ретінде

Іздеу ауданына «set timer» деген сұраныс еңгізу керек. Мысалы, «set timer 7 minutes». Сонда веб-бетте таймер пайда болады.

Қосымша google қызметтері!

Google-таймер

Кез келген киноның релиз күні

Егер де «фильм атауы release date» деп жазатын болсаңыз, ол кино туралы барлық ақпаратты көре аласыз. Кино жақсы көретін адамдар үшін таптырмас құрал.

Қосымша google қызметтері!

Google-фильмдер

Әншінің әнін тыңдау

Іздеу жүйесіне «songs by әнші аты» жазса, сол әншіге тиесілі композициялар шығады. Сол беттен тікелей әуенді тыңдауға мүмкіншілік бар. YouTube-гі әндері қосылады.

Қосымша google қызметтері!

Google-ән

Белгілі бір автордың кітабы

Тез арада қызықтырған авторды және оның кітаптарын табу үшін «books by автор аты» сұранысын еңгізу керек. Басты бетті оның танымал еңбектері шығады.

Қосымша google қызметтері!

Google-книги

Ұшу тарулы ақпарат

Білу керек ұшу бағыты туралы ақпаратты «flights рейс нөмері, компания аты» сұранысы бойынша іздеп табуға болады. Керекті барлық ақпарат көрсетілетін болады.

Қосымша google қызметтері!

Google-ұшақтар

Күннің шығуы

Күннің орнын анықтау үшін «sunset», «sunrise» және «time» сөздерін пайдалануға болады. Әрдайым уақыт жайында хабардар болып жүресіз.

Қосымша google қызметтері!

Google-уақыт

Калькулятор

Математикалық ұғымды еңгізе бастағанда веб бетке кіріктірілген қызмет пайда болады.

Қосымша google қызметтері!

Google-калькулятор

Валют бағамы

Қажетті валюталарды еңгізсеңіз жетерлік. Сонымен қатар валютаның өзгеру бағамы да көрсетіліп тұрады.

Қосымша google қызметтері!

Google-конвертер

Өлшем бірліктер

Жоғарыда аталғандай жұмыс істейді. Бірақ мұнда барлық өлшем бірліктері бойынша ақпарат табуға болады.

Қосымша google қызметтері!

Google өлшем бірліктер

Сөздің этимологиясы (ағыл.)

Белгілі бір сөздің қайдан шыққанын білгіңіз келсе, онда бұл қызмет сіз үшін. Іздеу жүйесіне еңгізілген сөзден кейін «etymology» сөзін жазса, сол туралы ақпарат көрсетіледі.

Google-сөздер

Міне, Google-дың біз білетін және білмейтін осындай қызметтері бар, алдағы уақытта бұл санмен шектелмейді деп ойлаймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға