Жаңалықтар

«Осы да мақтаныш па?». Гүлге 5 млн теңге жұмсаған Төреғалидің әкесі жұртқа жақпай қалды

«Осы да мақтаныш па?». Гүлге 5 млн теңге жұмсаған Төреғалидің әкесі жұртқа жақпай қалды
Фото: Видеодан кадр 14.01.2025 16:50 296

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі гүлге бес милллион теңге жұмсады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төреәлі Төлепов әйеліне ерекше қуаныш сыйлау үшін гүл алған. Олардың бақытты сәті түсірілген бейнежазба TikTok-та жарияланды. 

Төреғалидің әкесі неткен романтик, - деп жазылған видеода.

Желі қолданушыларына қымбат сыйлық ұнамай қалғанын байқауға болады. "Шіркін-ай осы ақшаны жағдайы жоқтарға берсе ғой", "Не деген шығын", "Осы да мақтаныш па? Бір-екі күннен кейін солып қалады, одан да мұқтаж жанға көмектеспедіңіз бе?", "Осылардың байлығы кімге керек?", - деп сөгіп жатыр жұрт.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға