Жаңалықтар

Осы аптада қандай спорттық жарыстар өтеді

Осы аптада қандай спорттық жарыстар өтеді
Фото: Туризм және спорт министрлігі 21.10.2024 17:53 137

Туризм және спорт министрлігі осы аптада өтетін спорттық іс-шаралар тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21-22 қазан – Almaty Cyber Games International

Almaty Cyber Games International халықаралық киберспорт және ойын мәдениеті фестивалі өтеді. Турнир CS:Dota 2 және FIFA ойындары бойынша финалдық жарыстарды қамтиды. Қонақтардың арасында Иван Жарков (Marvel киноәлеміндегі Тордың дауысы), сондай-ақ танымал киберспортшылар mou, Dosia және стримерлер Leo KZ, baxadoto, Q.bro бар.

Өтетін орны: СК SADU Arena, Алматы қ.

22-25 қазан – Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының 2024–2025 жылдың негізгі кезеңі басталады

«Қайрат Футзал», «Семей», «Спортинг» (Португалия) және «Халадаш» (Венгрия) командалары элиталық кезең жолдамасына таласады.

Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы қ.

22-26 қазан – Ерлер мен әйелдер арасында блиц және рапид бойынша шахматтан Қазақстан Республикасы командалық чемпионаты

Қарағандыда шахматтан Қазақстанның командалық чемпионаты өтеді. Облыстардың құрамалары, халықаралық атағы бар шахматшылар, сонымен қатар рейтингі 2000+ ерлер және 1800+ әйелдер қатысады. Жеке турнир 26-28 қазан аралығында өтеді.

Өтетін орны: Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайы, Қарағанды қ.

26-27 қазан – Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстанның XXXIII баскетбол чемпионаты

«Алматылық Легион» баскетбол клубы өз алаңында Ақтаудан келген БК «Каспий» командасын қабылдайды.

Өтетін орны: Champ1on спорт кешені, Алматы қ.

27 қазан – «Астана-Ақтөбе» футбол матчы

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында «Астана» және «Ақтөбе» футбол клубтары Алматының Орталық стадионында кездеседі.

Өтетін орны: Орталық стадион, Алматы қ.

Уақыты: 18:00

27-28 қазан – Ерлер командалары арасындағы ұлттық баскетбол турнирі

БК «Астана» және БК «Тобыл» командалары жыл сайынғы турнир аясында кездеседі.

  • 27 қазан: 15:00 –«Астана БК» мен «Тобыл» БК
  • 28 қазан: 20:00 –«Астана» БК мен «Тобыл» БК

Өтетін орны: Баскетбол академиясы, Алматы қ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға