Жаңалықтар

Қостанайлықтар Ұлттық музейге 187 экспонат сыйлады

Тарих
27.09.2016 09:22 3998

Жуырда Қостанай қаласында "Ұлттық музейге сый тарту" акциясы өтті. Шараның салтанатты жиынына Қостанай өңіріне аты шыққан танымал тұлғалардың ұрпақтары мен туған-туыстары қатысты.

Қостанайлықтар Ұлттық музейге 187 экспонат сыйлады

Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай акцияға қатысқан қостанайлықтарға алғыс білдіре отырып, акцияның маңыздылығына тоқталды.

Қостанайлықтар Ұлттық музейге 187 экспонат сыйлады

– Музейге жай ғана ғимарат ретінде қарамай, оған жан бітіруіміз керек. Музейге келушілер сол арқылы рухтанып,  біздің тамыры терең тарихымыздан мол мағлұмат алуы керек. Сол үшін де осы акцияны ұйымдастырып, құнды жәдігерлерді Ұлттық музейге топтастырып жатырмыз. Оның үстіне біздің музейге жыл сайын мыңдаған шетелдіктер келіп, экспонаттарды тамашалайды. Барлығын бір орталыққа топтастыру арқылы біз сол туристердің де біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің мол мұрасынан сусындауына жағдай жасаймыз. Ендігі жерде Тобыл, Торғай даласының перзенттерінің құнды экспонаттарын әлем назарына ұсына аламыз", - деді Дархан Қамзабекұлы.

Қостанайлықтар Ұлттық музейге 187 экспонат сыйлады

Ал, Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов «Қостанайлық танымал тұлғалардың жеке заттары мен тұтынған бұйымдарының Ұлттық музейде тұрғаны өздері үшін үлкен мәртебе екенін айтты.  

Қостанайлықтар Ұлттық музейге 187 экспонат сыйлады

Қостанай өңірінде өткен акция барысында Ұлттық музейдің қоры 187 экспонатпен толықты. Құнды жәдігерлердің арасында Ғафу Қайырбековтің қолжазбалары мен қаламсабы, академик Шауқат Алтаевтың Елбасының қолынан алған қолсағаты және көптеген медальдары, Қазақстанның халық артисі Қапан Бадыровтың қолжазбалары мен фотосуреттері бар. Бұдан бөлек, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенованың домбырасы, журналист Қайсар Әлімнің кітаптары, экономист-ғалым Кенжеғали Сағадиевтің ғылыми еңбектері де Ұлтық музей экспонаттарының қатарына қосылды.

Қостанайлықтар Ұлттық музейге 187 экспонат сыйлады

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко да акцияға атсалысып, өзінің спорттық киімдері мен былғары қолғабын Ұлттық музейге тарту етті. Биыл 110 жылдық мерейтойы тойланып жатқан Мариям Хакімжанованың ұрпақтары ақынның жеке заттарын Ұлттық музейге ұсынды. Жергілікті қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан өнер туындылары да музей қорына алынды.Жиын соңында Ұлттық музейге сый-тарту жасаған азаматтарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.


Суреттер Ұлттық музейден алынды 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға