Жаңалықтар

Қостанайдың тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады

Қостанайдың тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады
27.08.2019 20:25 2981

Қостанайдың «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі «Алтынгүл» жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады. 

 Қостанайдың тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады

«Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мерекелік бағдарлама ұйымдастырып, сыйлық таратып, қамқорлық танытып келеді. Бірлестіктік мүшелері  бұл жолы  жазғы лагерде демалып жатқан балалар үшін игі іс-шара ұйымдастырды.

«Біз жаңа оқу жылының алдында балалардың көңіл-күйін көтергіміз келді, оларға ұлттық тағамымыз – палаудан дәм татқызып, қарбыз бен қауын сыйладық», - дейді бірлестік төрағасы Эргашвой Холметов. 

Қостанайдың тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады

Құрбан айт мерекесінде 1200 адамға дәмді ас үлестірген Асадулла Давлятов есімді тәжірибелі аспаз үлкен қара қазанда 250 адамға шақтап өзбек палауын әзірледі.

«Палау дәмді болу үшін қатты сұрыпты күріш қажет, суды мол құю керек. Ноқат, кептірілген өрік, ащы бұрыш қосуға болады. Кейбіреулер лимон қосып жатады. Өзбек халқының палауын даярлау үшін бір келі қой еті, бір келі күріш, бір жарым келі сәбіз, бір литр су, пияз бен сарымсақ қажет. Екі сағаттан соң дәмі тіл үйірер палау дайын боп шығады. Кез келген тағамды ынтамен жасау керек, сонда оған баға жетпейді», - дейді аспаз.

Қостанайдың тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады

Іс-шара аясында Қожанасырды сомдаған жас өнерпаз балалармен бірге табиғат аясында  ойнап, би биледі, оларға жұмбақ жасырды.

Балалар да мерекелік бағдарлама дайындап, қонақтарға арнап әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп берді.

Екі сағаттан соң палау дайын болып, барша қатысушылар дастарқан басына жиналды. Іс-шара соңына қарай балаларға қарбыз бен қауын ұсынылды.

Қостанайдың тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне мереке сыйлады

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға