Жаңалықтар

Қостанайда жол апатынан екі адам көз жұмды

Жүк пойызымен соқтығыс салдарынан автокөлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Қостанайда жол апатынан екі адам көз жұмды
12.07.2022 02:08 952

Қостанай облыстық полиция департаментінің өкілдері пойызбен болған жол-көлік оқиғасына қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

65 жастағы жүргізуші «ВАЗ» маркалы көлігін тізгіндеп келе жатып, темір жолда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетпекші болған. Жүк пойызымен соқтығыс салдарынан автокөлік жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты, - деді ведомстводан. 

Полиция жол-көлік апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Бұған дейін 11 шілдеде сағат 14:35-те Қостанай облысы Притобол стансасы теміржол өткелінде Тобыл-Құсмұрын учаскесінде жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, «Жигули» маркалы автокөлік жүргізушісі машиналарды айналып өтіп, жүк пойызы келе жатқан теміржолға шығып кеткен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға