Жаңалықтар

Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге үкімет резервінен ақша бөлінеді

Министр шығын көлемі есептелгеннен кейін тікелей резервтен ақша бөлу жоспарланғанын атап өтті
Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге үкімет резервінен ақша бөлінеді
Фото: primeminister.kz 06.09.2022 16:00 1461

Үкімет кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қостанайдағы апаттың шығыны есетеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Министр шығын көлемі есептелгеннен кейін тікелей резервтен ақша бөлу жоспарланғанын атап өтті. 

Қостанайдағы өрттің салдары қанша шығын алып келгені белгісіз. Есептеліп жатыр. Жалпы, мемлекеттік резервтің бірнеше міндеттері бар. Соның бірі апатты жағдайларға жұмсалады. Бірақ біз апаттың қалай келетінін білмейміз. Сол үшін де резев қалыптастырылады. Қостанайдағы жағдайға байланысты резевтен бөлінетін қаржы есептеліп жатыр. Облыстан бюджеттік өтініш келуі тиіс. Одан кейін толық жауап береміз, - деді Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар Әлібек Қуантыров сайлауға бөлінетін қаражаттың әлі белгісіз екенін айтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға