Жаңалықтар

Қостанайдағы өрттен егістік алқабы бүлінген жоқ

Қостанайдағы өрттен егістік алқабы бүлінген жоқ
Фото: kazaksha.info 07.09.2022 22:16 3295
Қостанай облысы әкімдігінің ресми ақпараты бойынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды El.kz.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектың айтуынша, орман өртенген Қарасу және Әулиекөл аудандарының егістік алқаптары бүлінбеген.

- Әкімдік бірде-бір ауыл шаруашылығы жерлері зардап шеккен жоқ деді. Анықталған ақпараттың барлығында Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан орман қоры жерлері екені ғана айтылуда. Қазіргі таңда Қостанай облысында төтенше жағдай енгізілді, - дейді вице-министр.

Ол егерде ауыл шаруашылығы егістіктері зардап шегетін болса, тауар өндірушілерге зиян келсе, онда төтенше жағдай есебінен ертеңгі күні шығындары бағаланып, толығымен өтелетін болады деп айтты.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға